Зертханалық жұмыстар: Зертханалық жұмыс №1. Тақырып: Windows операциялық жүйесімен жұмыс істеу негіздері. Жұмыстың мақсаты



бет31/42
Дата27.01.2023
өлшемі4,38 Mb.
#166579
түріПрограмма
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Байланысты:
ОЖ зертх.жұмыстар

Тапсырма 3 "Емтихан сессиясының нәтижесі" кестесінің орташа балы мәндері бойынша дөңгелек диаграмма тұрғызыңыздар.
Емтихан сессиясының нәтижесі

№ п/п

Ф. А.Т.

Математика

Эконом. Теория

Информатика

1.

Жиенбекова Т.Б.

8

7

6

2.

...

...





















Орташа балы












Тапсырма 4y = sin x функциясының графигін тұрғызыңыз. х аргументінің мәндерін –6 мен 6 аралығында 0,5 қадаммен алыңыздар.


Студенттің өзіндік жұмыстары

Тапсырма 1
Жұмыс парақтарына жеке-жеке атау қойып шығыңыз.

  1. Тышқанның көмегімен А бағанасының енін ондағы мәтін толық көрініп тұратындай етіп үлдкейтіңіз. В, С бағаналарының енін ең аз шамаға келтіріңіз.

Тапсырма 2
Электрондық кестеге берілгендерді енгізу және түзету.
Кез келген ұяшыққа мәтін, сан, формула енгізуге болады. Жолдар мен бағаналардың өлшемдерін өзгертуге болады:
1- тәсіл. Тышқан курсорын өзгертілетін баған атауының (қатар нөмірінің) бөлу сызығының үстіне алып барып, курсор ↔ түріне енген кезде, сол жақ пернені басып, қажет өлшемге дейін кенейтеміз де, пернені қоя береміз.
2- тәсіл. Формат ═> Жол ═> Мөлшер (размер) және Формат ═> Баған ═> Мөлшер командаларын орындау керек.
Егер енгізілетін мәтін цифрдан басталатын болса, онда оны ‘ таңбасымен бастау қажет. Сандарды енгізу =, +, - таңбаларынан немесе бірден цифрді енгізуден басталады. Ондық бөлшек сандардың бүтін бөлігімен бөлшек бөлігі үтір арқылы ажыратылып жазылады. Егер ұяшыққа формула енгізілетін болса, формуланы = таңбасынан бастап енгізу қажет.
А1 ұяшығына «Менің аты – жөнім» деген мәтінді енгізіңіз;
В1 ұяшығына аты – жөніңізді енгізіңіз;
А2 ұяшығына «Туылған жылым» деген мәтінді енгізіңіз;
В2 ұяшығына туылған жылыңызды енгізіңіз;
В3 ұяшығына ағымдық жылды енгізіңіз;
А4 ұяшығына « Менің жасым» деген мәтінді енгізіңіз;
В4 ұяшығына «= В3 – В2» формуласын енгізіңіз;
2030 – шы жылы қай жаста болатыныңызды есептеңіз;
Бос ұяшыққа ағымдық күн мен уақытты енгізіңіз.
Тапсырма 3

  1. Е1: Е7 блогына төмендегі сандар тізбегін енгізіңіз: 11, 20, 30, 100, 130, 150, 220.

  2. Берілгендерді толық оңға қарай 2-орынға жылжытып, А1: А12 блогындағы ұяшықтарды нөмірлеңіз.

  3. D1:D7 блогына ағымдық күннен басталған күндер тізбегін енгізіңіз.

  4. С1: С7 блогына апта атауларын енгізіңіз.

  5. Парақтар беттеріне атаулар қойыңыз. Ол үшін тышқан көрсеткішін парақ атауына алып барып, контексті – тәуелді мәзірді шақырыңыз. Көрсетілген командалар тізімінен Атын өзгерту пунктін таңдаңыз және пернетақтадан «кесте» атауын теріп, енгізіңіз. Тышқан көрсеткішін парақтың бірінші бетіне алып барып, беттің атауын өзгертіңіз.

Тапсырма 4
EXCEL-мен жұмысты аяқтау.
EXCEL-мен жұмысты аяқтап, одан шығу үшін төмендегі келтірілген тәсілдердің бірін пайдалану керек:
1-тәсіл: Файл→ Шығу командасын беру.
2-тәсіл: EXCEL терезесінің Терезені жабу түймесін басу;
3-тәсіл: ALT+F4 пернелерін басу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет