Негізгі кестелерді құру Отырар кітапханасының басқармасы екі кестеге негізделген мәліметтер базасын жасауға тапсырыс берді. Бірінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапханадан кітап алған оқырман жайлы мәліметтер көрсетіледі. Екінші кесте кітапханадағы оқулықтарды тіркеуге арналсын.
1. Мicrosoft Access программасын іске қосыңыз (Пуск Программы Microsoft Access).
2. Microsoft Access терезесінде Жаңа мәліметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып - қосқышын қосыңыз. ОК батырмасын шертіңіз.
3. Жаңа мәліметтер базасының файлы (Файл новой базы данных) терезесінде \Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасын таңдап алып, файлға Отырар кітапханасы деп ат беріңіз. Файл типі ретінде Microsoft Access мәліметтер базасы алынғанын көресіз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа Отырар кітапханасы мәліметтер базасыныің терезесі ашылады.
4. Кестелер панелін ашыңыз.
5. Конструктор режімінде кесте құру белгісінде екі рет шертсеңіз кесте құрылымын даярлау бланкісі ашылады.
6. Бірінші кесте үшін төмендегідей өрістерді енгізіңіз:
өріс атауы өріс типі
оқырманның аты-жөні мәтіндік
кітаптың аты мәтіндік
кітаптың авторы мәтіндік
кітаптың нөмірі мәтіндік
кітап алған уақыты мерзім\уақыты
бағасы қаржылық
7. Кітаптың нөмірі өрісі мәтіндік өріс екеніне көңіл аударыңыз, өйткені олардың сандық мағынасы жоқ. Кітап нөмірлерін бір-біріне қосуға, көбейтуге, салыстыруға болмайды.
8. Болашақ Оқулықтар кестесімен байланыс орнату үшін Түйінді өріс беруіміз қажет. Кітаптың аты өрісін қайталанбайтын өріс ретінде таңдап алуыңызға болады. Бірақ өте үлкен мәліметтер базасында аттары бірдей әр түрлі кітаптар кездесуі мүмкін. Сондықтан біз Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерінің комбинациясын түйінді өріс ретінде пайдаланамыз. Бланкінің жоғарғы бөлігіндегі өрісті ерекшелеп алыңыз. Тышқанның оң батырмасын шерту арқылы жанама менюді ашыңыз және одан Түйінді өріс (ключевое поле) бөлімін таңдап алыңыз.
9. Конструктор терезесін жабыңыз. Терезені жабу кезінде кестеге Оқырмандар деп ат беріңіз.
10. 5-9 бөлімдердегі амалдарды қайталап, Оқулықтар кестесін құрыңыз. Оған төмендегідей өрістер енеді:
өріс атауы өріс типі
кітаптың аты мәтіндік
кітаптың авторы мәтіндік
баспасы мәтіндік
шыққан жылы мерзім\уақыты
кітаптың нөмірі мәтіндік
көлемі сандық
бағасы қаржылық
11. Көлем өрісін шертіңіз. Бланкінің төменгі бөлігінде ондық белгілер саны 0-ге тең қасиетін беріңіз.
12. Бұл кестеге түйінді өріс енгізбесе де болады – берілген тапсырмада ол талап етілмейді.
13. Отырар кітапханасы: мәліметер базасы терезесінде құрылған кестелерді кезекпен ашып, оларға он шақты жазбалар енгізіңіз. Жұмысты аяқтап кестелерді жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.