Зертханалық жұмыстар: Зертханалық жұмыс №1. Тақырып: Windows операциялық жүйесімен жұмыс істеу негіздері. Жұмыстың мақсаты



бет35/42
Дата27.01.2023
өлшемі4,38 Mb.
#166579
түріПрограмма
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
Байланысты:
ОЖ зертх.жұмыстар

Зертханалық жұмыс №12
Тақырып: Мәліметтер қорын құру және өңдеу. Сұрау. Таңдамаға сұранысты құру.
Мақсаты: Мәліметтер қорының негізгі ұғымдарымен таныcу, кестені толтыру және жөндеудің негізгі тәсілдерін үйрену, кестелер шеберінің көмегімен мәлеметтер қорын құру, кілт өрісін тағайындау мәліметтер қорын сақтай білу.

Бұл жұмыста көлемі 500 беттен, бағасы 150 теңгелен аспайтын кітаптарды іріктеп алатын таңдамаға сұранысты құрамыз.





  1. Microsoft Acceess программасын іске қосыңыз.

  2. Miсrosoft Access терезесінде мәліметтер базасын ашу (открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертіңіз.

  3. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (запросы) панелін ашыңыз. Конструктор режімінде сұраныс құру (Создание запросов в режиме конструктора) белгісін екі рет шертсеңіз, сонда үлгі бойынша сұраныстың бланкісі ашылады.

  4. Кесте қосу терезесінде Оқулықтар кестесін таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесін жабыңыз.

  5. Оқулықтар кестесінің өрістер тізімінен қорытынды кестеге енгізілетін Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Көлемі, Бағасы өрістерін таңдаңыздар. Таңдауды өріс атауларын екі рет шерту арқылы жүргізіңіз.

  6. Көлем өрісі үшін сұрыптау шартын беріңіз. Сол өрістің Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолына мына шартты енгізіңіз: <500. Сонда кестеден көлемі 500 – ден аспайтын кітаптар іріктеліп алынады.

  7. Бағасы өрісіне сұрыптау шартын беріңіз. Сәйкес жолға <150 өрнегін енгізіңіз. Енді кестеден бағасы 150 теңгеден кем болатын басылымдар ғана іріктеліп алынады.

  8. ‡лгі бойынша сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жабу кезінде оған Кітаптарды таңдау деген ат беріңіз.

  9. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде жаңа құрылған сұранысты ашыңыз да, қорытынды кестені қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы №2 зертханалық жұмыста Оқулықтар кестесіне енгізілген жазбаларға тәуелді. Егер ешбір басылым сұрыптау шартына сәйкес келмесе және ашылған қорытынды кестеде бірде – бір мәліметтер болмаса, онда негізгі кестелерді оған сұраныстың жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтермен толтырыңыздар.

  10. Зерттеу аяқталған соң ашық объектілердің барлығын жауып, Microsoft Acceess программасын жабыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет