Зертханалықжұмыс №11 Тақырып: Мәліметтерқорыұғымы. Ms Access-мәліметтерқорынбасқаружүйесі. Кестеаралық байланыстарды құру Microsoft Access программасын іске қосыңыз.
Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертіңіз.
Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Кестелер (Таблицы) панелін ашыңыз. Онда бұрын құрылған Оқырмандар және Оқулықтар кестелерінің таңбашалары барына көзіңізді жеткізіңіз.
Аспаптар панелін Мәліметтер схемасы (Схема данных) батырмасын іздестіріңіз. Егер қиындықтар болса, меню жолындағы команданы табыңыз: Сервис Мәліметтер схемасын (Схема данных). Мәліметтер схемасы терезесін ашу үшін, осы тәсілдердің кез-келгенін қолданаңыз. Осы терезенің ашылуымен қатар бір уақытта Кестелерді қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады, бұл қосымша кестеден аралық байланысты құрылатын кесте таңдауға болады.
Қосу (Добавить) батырмасын шерту арқылы Оқырмандар және Оқулықтар кестелерін таңдаңыз – Мәліметтер схемасы терезесінде осы кестелердің өріс тізімдері ашылады.
SHIFT пернесін басып тұрып Оқырмандар кестесінен екі өрісті ерекшелеңіз: Кітаптың аты және Кітаптың авторы.
Осы өрістерді Оқулықтар кестесінің өріс тізіміне әкеліңіз. Тышқан батырмасын жіберген сәтте, Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесі шұғыл түрде ашылады.
Байланысты өзгерту (Изменение связей) терезесінің оң жақ панелінен байланысқа қосылатын Оқырмандар кестесінен Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерін таңдаңыз.
Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесін жауып, Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінен пайда болған байланысты көріңіз. Байланс сызыған тышқанның сол жақ батырмасын шертіп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, байланысты үзуге және редакциялауға мүмкіндік беретін меню ашылады.
Мәліметтер схемасы терезесін жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.
Тапсырма 1
Қарастырылып отырған пәндік аймақтағы объектілердің арасында қандай байланыс бар екенін анықтау (бұрынғы лабораториялық жұмыстардан).
Мәліметтер схемасына қандай кестені енгізу керектігін анықтау.
Менюдегі Сервис/Мәліметтер схемасы (Сервис/Схема данных) командасы арқылы мәліметтер схемасын жасау режиміне кіру.
Байланыс параметріне қажетті тағайындаулар орнату.
Мәліметтер схемасын сақтау.
Тапсырма 2 1 тапсырмада жасалған мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.
Тышқан курсорын кез келген бір 1:М байланысына апарып, байланыс параметрлері терезесіндегі “Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету” жалаушасын белгілеу.
Бағынышты кестемен жұмыс істеу режиміне кіру.
Бағынышты кестедегі біртұтастық шектеулерді бұзатын мүмкіндік туғызу, мысалы, байланыс өрісіне басты кестеде жоқ мәнді енгізу.
Аccess-тің МБ біртұтастығын қалай қамтамасыз ететіндігін зерттеу.