Зертханалық құралдар мен ыдыстар


Пробиркалардағы ерітінділерді оның аузын саусақпен жауып араластыруға болмайды!



бет6/7
Дата02.01.2022
өлшемі315,25 Kb.
#107898
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
07.04.2020 Жалпы қолданылатын ыдыстар
02.04.Вет сан ережелер, Сүйекті шеміршекті балық, Жылқы етін дайындау және ұсақтау
Пробиркалардағы ерітінділерді оның аузын саусақпен жауып араластыруға болмайды!

Пробиркадағы ерітіндіні қыздыру үшін арнайы ұстағыштар қолданылады (3-сурет).



3-сурет. Пробирка ұстағыш.

Тәжірибелерді жасап болған соң, пробиркаларды жақсылап ершпен жуады да, дистилденген сумен шайып, штативтерде қалдырып, кептіреді.

Құйылған заттарды пробиркаларды бірнеше рет төңкеріп, сілкілеп (аузы тығынмен жабылған болуы керек), сонымен бірге пробиркалардың төменгі жағынан саусақпен ақырындап қағып, араластырады.



Воронкалар (4-сурет) әр түрлі пішінді және өлшемдері әр түрлі болады. Олардың қолданылуы да әр түрлі: конус тәріздес воронкалар арқылы сұйықтарды құюға, фильтрлеуге болады. Олардың жоғарғы диаметрі 35, 55, 70, 100, 150, 200 және 300мм өлшемді болады. Фильтрлеуге қолданылатын воронкалар бұрышы 600 (аналитикалық воронкалар) және ұзын ұшы қиғаш кесілген болады. Фильтрлеу үшін воронкаларды арнайы штативтерге орналастырады (5 – сурет).

4-сурет. а –конус тәрізді (фильтрлеуге және сұйықтықтарды құюға арналған) воронка; б - тамшыланатын воронка; в - бөлгіш воронкалар.

Сұйықтарды құйғанда мына ережелерді сақтау керек:

1. воронкаларды ернеулеріне дейін толтыруға болмайды (ерітінді 0,5мм төмен тұрады);

2. воронканы колбаларға қойғанда, колбалардың мойыны мен воронка арасы өте тығыз болмауы керек, себебі ыдысты толтырғанда одан ығыстырылған ауа шығуы қажет (воронка арқылы ерітінді құйғанда, воронканы қолмен аздап көтеріп тұру қажет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет