Зертханалық құралдар мен ыдыстар


а) жалпы қолданылатын ыдыстар



бет2/7
Дата02.01.2022
өлшемі315,25 Kb.
#107898
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
07.04.2020 Жалпы қолданылатын ыдыстар

а) жалпы қолданылатын ыдыстар;

б) арнайы қолданылатын ыдыстар;

в) өлшегіш ыдыстар;

г) фарфор және отқа төзімді ыдыстар болып бөлінеді.

Химиялық зертханалық ыдыстар шыныдан, кварцтен, фарфордан, платинадан, пластикадан (полипропиленнен, полиэтиленнен, фторопластардан), алтын мен күмістен жасалады.



Кварцтен жасалған ыдыстар көбінесе аса таза заттармен, сонымен бірге 12000С – қа дейін қыздыру үшін, вакуум астында жұмыс орындағанда қолданылады. Платинадан жасалатын химиялық зертханалық ыдыстар негізінен фторсутек қышқылымен (балқытқыш қышқыл) жұмыс үшін қолданылады. Платинадан жасалатын химиялық зертханалық ыдыстарды оңай тотықсызданатын заттармен жұмыстарда, мысалы PbSO4, PbO2, SnO2, Bi2O3, Sb2O3, сонымен бірге құрамында күкірт, фосфор бар заттармен, темірі көп заттарды қақтағанда, галогендер бөлінетін жағдайларда қолданбаған дұрыс. Алтын мен күмістен жасалған тигельдерді 900—1000°C температурада әр түрлі заттарды сілтілермен қақтағанда қолданады. Фарфордан жасалған химиялық зертханалық ыдыстар шыны ыдыстарға қарағанда берігірек және термотұрақты, бірақ мөлдір емес және ауыр. Пластикадан жасалған химиялық зертханалық ыдыстар көбінесе фторсутек қышқылымен (балқытқыш қышқыл) жұмыс үшін қолданылады. Пластика ыдыстар шыны ыдыстарға қарағанда арзан және ұзағырақ қолданылады. Полипропилен қышқылдарға, сілтілерге берік, тез жуылады және тез құрғайды, бірақ пластиктен жасалған ыдыстарды тек 1300С төмен температураларда ғана қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет