Зертханалық құралдар мен ыдыстар



бет7/7
Дата02.01.2022
өлшемі315,25 Kb.
#107898
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
07.04.2020 Жалпы қолданылатын ыдыстар
02.04.Вет сан ережелер, Сүйекті шеміршекті балық, Жылқы етін дайындау және ұсақтау
Тамшыланатын воронкалар реактивтердің аз мөлшерлерін құйғанда қолданылады.

Бөлгіш воронкалар өзара араласпайтын екі сұйықтарды (сұйықтықтарды) бөлу үшін қолданылады. Олар 50 мл-ден бірнеше литрге дейінгі сыйымдылықта болады.

Қорғағыш воронкалар сұйықтарды қыздырған кезде шашырап кетпес үшін қолданылады.

Әр түрлі құралдарды, колбаларды, суытқыштарды т.б. бекіту үшін сақиналар және қысқыштар жиыны бар штативтер қолданылады (5 – сурет).



 5-сурет. Әмбебап штативтер

Зертханалық стакандар (6-сурет) 2 түрлі болады: жоғарғы жағы дөңгелек және созылыңқы («мұрыны бар» және «мұрынсыз»), әр түрлі сыйымдылықты: 25мл-ден 1л-ге дейін. Оларға құйылған ерітінділерді (сұйықтықтарды) тек асбест торы (7-сурет) арқылы не су моншасына қойып қана қыздырады.

6-сурет. Зертханалық стакандар.



7-сурет . Асбест торы.



Колбалар (8-сурет) әр түрлі пішінде және сыйымдылықтары да әр түрлі болады: түбі жазық (а), конус тәріздес (Эрленмейер колбасы(б), түбі домалақ (в), Вюрца колбасы, Бунзен колбасы, өлшегіш колбалар.

Түбі жазық және түбі домалақ колбалардағы ерітінділерді ашық жалында қыздыруға болмайды, тек асбест тор арқылы қыздырады.



   б в

   

Бунзен колбасы Вюрца колбасы Өлшегіш колба

8-Сурет. Колбалар.

Түбі жазық колбалар 50-мл-ден бірнеше литр сыйымдылықта болады, шлифпен және шлифсіз жабылады.

Конус тәрізді колбалар көбінесе титрлеуге қолданылады. Оларды тек асбест тор үстінде қыздырады.

Егер фильтрлеуді тез жүргізу қажет болса, қысым астында фильтрлейді: төменгі қысымды қабылдағышта туғызады. Қабылдағыш ретінде Бунзен колбасын қолданады. Бунзен колбасының бірнеше түрі болады және оның көлемі де әр түрлі болады. Оны қалың шыныдан жасайды, себебі атмосфералық қысым әсерінен жұмыс істеп тұрған уақытында сынып кетуі мүмкін. Жұмысты бастамай тұрып қолданылатын ыдыстарды (9-сурет) – фарфордан жасалған Бюхнер воронкасын (1), Бунзен колбасын (2), сақтандырғыш шыныларды (суретте көрсетілмеген) және вакуум сорғышты (3) - тексеру керек, шытынаған, сынған жерлері болса, вакуум әсерінен олар жарылып кетеді.

Фарфор Бюхнер воронкасына екі дөңгелек қағаз фильтрін орналастырады (астындағы фильтр воронка диаметріне дәл келеді, үстіндегі фильтр қағаз үлкендеу болады), алдын ала фильтр қағаздарды сумен сулайды да воронкаға тығыз орналасқандықтарын тексереді. Егер фильтр қағаздар воронкаға тығыз орналасқан болса, сорғышты қосқанда бірқалыпты дыбыс шығады, ал егер фильтр қағаздар воронкада дұрыс жатпаған болса, дыбыс бірқалыпты болмайды, ысқырық (ызың) шығады. Егер фильтр қағаздар воронкада тығыз орналаспаса, саусақпен абайлап басады. Сорғышты қоспай тұрып, воронкаға ½ биіктігіне дейін фильтрленетін сұйықтықты құйып, қабылдағышта төменгі қысым туғызады, сол кезде фильтрат қабылдағышқа өтеді. Тұнба үстіндегі сұйықтықты біртіндеп воронкаға құйып отырады.

Тұнбаны фильтр бетінде алдын ала дайындаған жууға қолданатын ерітіндімен жуады. Тұнбаны жууды бірнеше рет қайталайды.

Тұнбаларды сумен не басқа еріткіштермен жуу үшін жуғыштар (10-сурет) қолданылады. Оларды көбінесе төменгі тығыздықты полиэтилен мен полипропиленнен жасайды. Бутыльдер тар мойынды, қақпағы және сұйықтықты құятын төменгі жағы созылған трубкасы болады.

9 -сурет. Төменгі қысымда фильтрлеуге арналған құрал: 1 – Бюхнер воронкасы; 2 – Бунзен колбасы.



 

10-сурет. Жуғыштар.



Кристаллизаторлар – сыйымдылығы мен диаметрі әр түрлі жұқа, жазық түпті шыны ыдыстар (11-сурет) Оларды заттарды қайта кристалдау үшін, кей кезде ерітінділерді сусыздандыру үшін қолданады. Оларды тек су моншасында ғана қыздыру қажет.

 

11-сурет. Зертханалық кристаллизаторлар.



Суытқыштар – суытуға және конденсациялауға қолданылады. Тура суытқыштар (Либих суытқышы) конденсат жинау үшін, кері суытқыштар конденсат қайта процеске қайтқан кезде қолданылады.

Суытқыштарға су муфтаның төменгі жағынан кіріп, жоғарғы жағынан шығып отыруы керек. Муфтада әр уақытта су толып тұруы қажет. Либих суытқышында айдалатын сұйықтың қайнау температурасы 1500-тан аспауы керек.

Кері суытқыштар көбінесе шарикті (Аллин суытқышы) және иректелген болады. Оларды вертикаль (тік) орналастырады (12-сурет).

12-сурет. Суытқыштар.



а – ауалы суытқыш; б – шарикті, ауалы суытқыш; в – Либих суытқышы; г – шарикті суытқыш; д – иректелген суытқыш; е – Штеделер суытқышы; ж – Димрот суытқыш; з – Либих және Димрот суытқыштары принципін үйлестіретін суытқыш; и – «суытатын саусақ» суытқышы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет