Қажетті құрал – жабдықтар мен реактивтер:
Пробирка, заттық шыны, шыны таяқша, конус пробирка, спирт шамы, Аl3+, Сr3+, Zn2+ , As3+, As5+, Sn2+, Sn4+ катиондарының тұздары, NaOH, Na2CO3, NH4OH ,Со(NO3)2 , алюминон, KMnO4, Н2S, K4[Fe(CN)6], Bi(NO3)3, HgCI2 және иод ерітінділері
Жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауы
Төртінші топ катиондарына Аl3+, Сr3+, Zn2+ , As3+, As5+, Sn2+, Sn4+ иондары жатады. Топтық реагенті - КОН және ΝαОН-ң қаныққан ерітінділері. Түзілген гидроксидтері амфотерлі, яғни ерітіндіде негіз ретінде және қышқыл ретінде де диссоциацияланады.
Ме3+ +3ОН- → Ме(ОН)3 → Н2О + Н+ + МеО-2
Тәжірибе:
Гидроксидтердің 1V топ катиондарына әсерін тексереді. Ол үшін 5 пробиркаға 4 тамшыдан сәйкес тұздарын (АlCl3, CrCl3, ZnCl2, SnCl2,Na2HАsO4) және 4 тамшыдан NaOH немесе KOH тамызады да, таяқшамен араластырып, тұнбаның пайда болуын және түсін байқап, химиялық реакция теңдеулерін жазады. Әр пробиркаға 6-7 тамшы гидроксид ерітінділерін құйып, таяқшамен араластырып, реактивтің артық мөлшеріндегі тұнбаның еруін тексереді.
Cr(OH)3 Zn2+ катионы қатысында NaOH қаныққан ерітіндісінде ерімей, Cr2(ZnO2)3 (немесе Cr2O3х3ZnО) хромның цинкатын түзетініне назар аударады. Бұл құбылыс қоса тұну деп аталады.
Ерігіш карбонаттар: Na2CO3, K2CO3, (NH4)2CO3, AI3+, Cr3+, Sn2+, Sn4+ катиондарын олардың гидроксидтері түрінде тұнбаға түсіреді:
AI2CI3 + 3Na2CO3 →AI2(CO3)3 + 6NaCI
AI2(CO3)3 + 3H2O → 2AI(OH)3 + 3CO2↑
Мырыштың негізгі тұздары NН4CІ қатысында аммиакта ериді. Натрий карбонатымен Cr3+, AI3+, Zn2+, Sn2+, As3+ катиондарымен әрекеттесу реакцияларын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |