10. Кальций, стронций және барий тұздарының әсерінен жалынның түсінің өзгеруі. Платина немесе нихром сымдарын тұз қышқылына батырып, қыздырып тазартыңдар. Одан соң сымды кальций тұзының ерітіндісіне батырып, жалында ұстаңдар. Жалынның түсін анықтаңдар. Стронций және барий тұздарына осындай тәжірибе жасаңдар. Сілтілік-жер металдардың жалынының түсін қалай өзгеретінін жазып ажыратыңдар.