Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Қалайы (II) гидроксидінің алынуы және қасиеттері



бет103/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

4. Қалайы (II) гидроксидінің алынуы және қасиеттері. Зертханада бар реактивтерден қалайы (II) гидроксидін алыңдар. Сілтіні артық қоспаңдар. Неге? Тұнбаның түсін және түрін байқаңдар. Қалайы (II) гидроксидіне сілті мен қышқылдың әсерін байқаңдар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

5. Қалайы қышқылдары және олардың қасиеттері. (5ә-тәжірибесін тартпа шкафта жүргізу керек). а) Қалайы (IV) хлоридінің ерітіндісіне аммиактың судағы ерітіндісін тамшылатып қосыңдар, ақ түсті борпылдақ α-қалайы қышқылының тұнбасы түзіледі. Тәжірибе жүзінде оның қышқылдармен және сілтілермен әрекеттесуін тексеріңдер. Реакция теңдеулерін молекулалық-иондық түрде жазыңдар.

ә) Фарфор табақшада қалайының бір түйіріне концентрлі азот қышқылын қосып қайнағанша қыздырыңдар. β-қалайы қышқылының ақ тұнбасы түзіледі. Суығаннан кейін табақшадағы тұнбаны сумен сұйылтып, бірнеше рет сумен шайқап жуу керек (декантация). β-қалайы қышқылы концентрлі тұз қышқылында және сілтіде ( ) ери ме, жоқ па? Тексеріңдер. Байқалған құбылыстарды жазыңдар. α- және β-қалайы қышқылдары қасиеттерінің айырмашылығы қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет