8. Қалайы сульфидтерін алу. а) Екі сынауыққа қалайы (II) хлоридінің шамалы ерітіндісін құйыңдар. Біріншісіне аммоний сульфидін, екіншісіне күкіртсутегі суы ерітіндісін қосып, қалайы (II) сульфидінің түзілгенін байқаңдар. Түсі және түрі қандай? Сынауықтағы тұнбаның мөлшерін салыстырып, қорытынды жасаңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Алынған қалайы (II) сульфиді тұз қышқылында ери ме? Реакция теңдеулерін молекулалық-иондық түрде жазыңдар.
ә) 8а-тәжірибесін қайталаңдар. Ол үшін бастапқы зат ретінде қалайы (IV) хлоридін алыңдар. Тұнбаның түсін және түрін байқаңдар.
Қорғасын
Қорғасын қосылыстары улы, сондықтан жұмыстан кейін қолды сабындап жақсылап жуу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |