8. Сілтілік металл тұздары жалынының түсі. Қандайда бір калий тұзын түссіз жалында қыздырыңдар. Жалын түсіне назар аударыңдар. Дәл осылай натрий және литий тұздарымен тәжірибе жүргізіңдер. Сымды әр тұздан кейін тұз қышқылымен тазалап түсі жойылғанша жалында қыздырыңдар.
1. Мыс, күміс және алтын атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар.
2. Қосылыстарында мыс, күміс және алтын атомдары қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
3. Мыс топшасы металдары мен сілтілік металдардың электрондық құрылымы мен химиялық қасиеттеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай?
4. Бөлме температурасында және қыздырғанда күміс пен мыстың әртүрлі концентрациядағы қатынасы қандай?
5. Алтын, күміс және мыс гидроксидтерінің қасиеттерін сипаттау. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.
6. Комплексті қосылыстарда алтын, күміс және мысқа қандай координациялық сан тән. Мысал келтіріңдер. Күміс пен мыстың комплексті қосылыстарын алу реакция теңдеуін жазыңдар.