13. Күміс нитраты ерітіндісінің лакмусқа реакциясы. Лакмуспен күміс нитраты ерітіндісінің реакциясын анықтаңдар. Күміс гидроксидінің негіздік күшіне қорытынды жасаңдар.
14. Күмістің комплексті қосылыстары. а) 11-тәжірибедегідей күміс оксидінің тұнбасын алып, оның сұйығын төгіп тастап, тұнба толық ерігенше аммиак ерітіндісін құйыңдар. Тұнбаның еру себебін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазып, алынған қосылысты атаңдар.
ә) Күміс хлоридінің тұнбасын алып сұйығын төгіп тастап, тұнба толық ерігенше аммиак ерітіндісін қосыңдар. Диаминкүміс хлоридінің пайда болуының реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Күміс галогенидтерінің тұнбасын алыңдар. Күміс галогенидтерін натрий тиосульфаты ерітіндісіне әсерін сынаңдар. Тұнбаның еру себебін түсіндіріңдер. Жүрген реакциялар теңдеулерін жазыңдар (пайда болған комплексті ионның анион екенін ескеру керек). Алынған қосылысты атаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |