Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Хром ангидридінің алынуы мен оның қасиеттері



бет155/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

6. Хром ангидридінің алынуы мен оның қасиеттері. а) Стақанға немесе сынауыққа 3-5 мл калий дихроматының қанық ерітіндісін құйыңдар, оған 5-8 мл күкірт қышқылын (конц) аздап қосыңдар, стақанды салқын сумен салқындатыңдар, хром ангидридінің кристалының түсін белгілеңдер. Суыған ерітіндіні шыны немесе асбест сүзгілі воронкасында сүзіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Неліктен күкірт қышқылының (конц.) ерітіндісі алынғанын түсіндіріңдер.

ә) Алынған кристалдың бір бөлігін фарфор табақшаға салып, бірнеше тамшы спиртпен ылғалдандырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар, хром (III) оксиді мен сірке ангидриді (иісінен анықтауға болады) түзілетіндігін ескере отырып, хром ангидриді бұл реакцияда қандай қасиет көрсететінін түсіндіріңдер.

б) Алдыңғы тәжірибеде алынған хром ангидридінің кристалын 2-3 мл суда ерітіңдер. Калий иодиді ерітіндісін қосыңдар, ерітінді түсінің өзгеруін бақылаңдар. Ерітіндіде иод бар екендігін көрсетіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Хром ангидридінің қасиеті туралы қорытынды жасаңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет