5. Хромкалий ашудасын алу. Калий дихроматы ұнтағын (10 мг) кішкене стақанда суға ерітіңдер. Ерітіндіге реакция теңдеуі бойынша есептелген мөлшерінің жартысындай концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар. Стақанды мұзы бар ыдысқа салып қойыңдар, араластыра отырып 1 мл спиртті тамшылата отырып құйыңдар. Түсінің өзгеруін белгілеңдер. Алынған ерітіндіні жеңіл ғана қыздырыңдар, кристалдануға қалдырыңдар. Түзілген хромкалий ашудасын (квасцы) сұйықтан бөліп алыңдар, сүзгі қағазбен кептіріңдер, қристалдың пішініне көңіл аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған кристалды оқытушыға тапсырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |