5. Марганец (IV) қосылыстарының қасиеттері. а) Марганец қышқылының түзілуі және ыдырауы. Калий манганатына (4-тәжірибеде алынған) сұйытылған сірке қышқылын құйыңдар. Ерітіндінің түсі өзгеріп, тұнба түзіледі. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Калий манганатының тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеті. 4-тәжірибеде алынған ерітіндінің бір бөлігіне түсі өзгергенше хлор суын құйыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
4-тәжірибеде алынған ерітіндінің екінші бір бөлігіне натрий сульфитін қосып қыздырыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Не байқалады?
Калий манганатына қышқылдық орта болғанша ақырындап күкіртті қышқыл қосыңдар, не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
5ә-тәжірибелерінде калий манганаты қандай қасиет көрсетеді? Калий манганатының тотықсыздануы үшін реакция ортасы қалай әсер етеді?
Достарыңызбен бөлісу: |