2. Марганец (II) тұздарының қасиеттері. а) Марганец (ІІ) тұзының ерітіндісіне аммоний сульфидінің ерітіндісін құйыңдар. Қандай зат тұнбаға түседі? Түсі қандай? Тұнбаны ауада қыздырса, не байқалады. Өзгеру себебін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Сынауыққа аздап қорғасын (IV) оксидін немесе сурик Рb3О4 салып 2-3 мл конц. азот қышқылы және 1-2 тамшы марганец (ІІ) сульфатын құйыңдар, қоспаны қайнатыңдар. Біраз уакыт тұрғаннан кейін ерітіндінің түсі өзгереді. Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакция аналитикалық химияда марганец (ІІ) тұздарын анықтаудың сапалық реакциясы ретінде қолданылады. а) және ә) тәжірибелерінде марганец (ІІ) тұздары қандай қасиет көрсетеді?
Достарыңызбен бөлісу: |