7. Ерітіндіде хромат және дихроматтарды ажырату. 3-4 мл калий хроматы ерітіндісіне күкірт қышқылы ерітіндісін құйыңдар. Түсінің өзгеруін бақылаңдар. Алынған ерітіндіге натрий гидроксидін қосыңдар. Қандай иондардың әсерінен ерітіндінің түсі өзгереді? Хроматтар мен дихроматтардың судағы ерітіндісінде қандай тепе-теңдік орнайды? Осы тепе-теңдіктің бұзылуына орта қалай әсер етеді?
8. Хром қышқылының тұздарын алу. а) Фарфор табақшасында газ жанарғыда 2 г калий карбонаты мен 1 г калий нитраты қоспасын балқытыңдар. Балқымаға хром (ІІІ) оксидінің 1 г 10 мин күшті жалында қыздырыңдар. Суыған соң, алынған сары түсті балқыманы - калий хроматын суда ерітіңдер. Ерітіндіні күкірт қышқылымен қышқылдаңдар, калий хроматын одан ерігіштігі жақсы калий дихроматына айналғанша қыздырыңдар, реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Бір сынауыққа калий дихроматы ерітіндісін, екіншісіне – калий хроматы ерітіндісін құйыңдар, екеуіне де күміс нитраты ерітіндісін қосыңдар. Екі жағдайда Ag2CrO4 тұнбасы түзіледі. Осы құбылысты түсіндіріңдер. 7-тәжірибенің қорытындысына сүйене отырып, күмістің хроматы мен бихроматының ерігіштік көбейтіндісі кестесін пайдалана отырып, реакция теңдеуін жазыңдар. Барий хлоридімен және қорғасын нитратымен осы тәрізді тәжірибе жасап бақылаңдар. Тұнбаның түсіне назар аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |