1. Темір, никель және кобальт атомдарынгың электрондық формулаларын жазыңдар.
2. Зертханалық жағдайда темірді қалай алады? Қандай тотыұсыздандырғыштар қолданылады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Темір, никель және кобальтқа сұйытылған, концентрлі тұз қышқылы, күкірт қышқылы, азот қышқылы бөлме температурасында және қыздырғанда қалай әсер етеді? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Темір (ІІ), никель (ІІ) және кобальт (ІІ) оксидтері мен гидроксидтерін қалай алады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Темір (ІІІ), никель (ІІІ) және кобальт (ІІІ) оксидтері мен гидроксидтерін қалай алады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
6. Темір, никель және кобальт тұздарының түсіне, суда ерігіштігіне, гидролизденуіне, ауадағы оттегімен қатынасына сипаттама беріңдер.
7. Темір, никель және кобаль т комплекс түзуші ретінде сипаттама беріңдер, координациялық санын, лигандаларын және тұрақтылығын көрсетіңдер. Әр металл үшін неғұрлым тұрақты комплекс түзетін реакция теңдеуін жазыңдар.