Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет163/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

6. Калий перманганатының қасиеттері. а) Қыздыру нәтижесінде калий перманганатының ыдырауы. Калий перманганатының ұнтағын сынауыққа салып қыздырыңдар, қандай газ бөлінетіндігін дәлелдеңдер. Газ бөлініп біткенше қыздыруды жалғастырыңдар, сонан соң суытып, сынауықтағы затты суда ерітіңдер. Алынған ерітіндінің және тұнбаның түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.

ә) Калий перманганатының тотықтырғыш қасиеті. Үш сынауыққа 1-2 мл калий перманганатын және сұйытылған күкірт қышқылын аздап тамызыңдар. Бірінші сынуыққа натрий сульфиті ерітіндісін, екіншісіне - темір сульфаты, үшіншісіне – қымыздық қышқылын (үшінші сынауықты қыздыру керек) құйыңдар. Не байқалады? Молекулалық және иондык түрде реакция теңдеуін жазыңдар.

1-2 мл калий перманганаты ерітіндісіне су және натрий сульфитін қосыңдар, не байқалады? Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеуін жазыңдар.

Сынауықтағы калий перманаганатына концентрлі сілті ерітіндісін және натрий сульфитін қосып шайқаңдар. Ерітіндінің түсі өзгереді де, біраз уақыт өткеннен соң, тұнба түзіледі. Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеуін жазыңдар.

Марганец (ІІ) сульфаты ерітіндісінен аздап сынауыққа құйып, оған калий перманаганатын тамшылата қосыңдар. Не байқалады? Түзілген ерітіндінің лакмус қағазына әсері қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.

Тәжірибелердегі байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Калий перманганатының тотықсыздануына реакция ортасы қалай әсер етеді?



б) Тотығу реакциясының жылдамдығына қышқылдық ортаның әсері. Екі сынауыққа 2-3 мл калий бромиді ерітіндісін құйып, біріне сұйытылған күкірт қышқылы, екіншісіне сұйытылған сірке қышқылын қосыңдар, екі сынауыққа бір мезгілде 10-15 тамшы калий перманганатын құйыңдар. Екі сынауықтағы ерітіндінің түсі бірдей уақытта жойыла ма? Реакция теңдеуін жазыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет