9. Темір тұзының гидролизі. а) Аз мөлшердегі темір (ІІІ) хлоридін суда ерітіңдер. Ерітіндіні лакмус қағазымен сынаңдар. Гидролиз реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Екі сынауыққа 2-3 мл темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін құйыңдар. Біреуіне бірнеше тамшы концентрлі тұз қышқылы ерітіндісін құйып, ерітіндінің түсінің өзгеруін түсіндіріңдер. Екінші сынауыққа темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне су араластырып қайнағанға дейін қыздырыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңдер.
б) Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне сода ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған тұнба көмір қышқылының тұзы емес екендігін қалай дәлелдеуге болады. Темір (ІІ) немесе темір (ІІІ) тұздарының қайсысы тез гидролизденеді және неліктен, түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |