13. Темір (ІІІ) қосылыстарының тотықсыздануы. а) Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне күкіртсутегі суын құйыңдар. Не байқалады? Ерітіндіде бар екендігін түсіндіріңдер.
ә) Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне калий иодиді ерітіндісін құйып, ерітіндінің түсін өзгеруін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияларда темір (ІІІ) хлориді қандай рөл атқарады?
14. Ферраттар алу және оның қасиеттері. (а-тәжірибесін тартпа шкафта жүргізу керек) а) Сынауыққа ұнтақталған калий гидроксидін салыңдар, оған 3-5 тамшы темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін, 2-3 тамшы бром суын қосып, оны қыздырыңдар. Түзілген калий ферратының түсін байқаңдар, оған су қосып ерітіндіні екі сынауыққа бөліңдер, 14 ә) және б) тәжірибелеріне пайдаланыңдар.
ә) Калий ферратының ерітіндісіне барий хлориді ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Түзілген заттың түсін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Калий ферратының ерітіндісіне 2 н күкірт қышқылы ерітіндісін құямыз. Не байқалады? Қандай газ бөлінеді? Ерітіндіде темірдің қандай қосылыстары бар? Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |