12. Темір (ІІ) қосылыстарының тотығуы. Үш сынауыққа 2-3 мл темір (ІІ) сульфаты ерітіндісін алып, әрқайсысына сұйытылған күкірт қышқылын құйыңдар. Сонан соң 1-ші сынауыққа аз мөлшердегі азот қышқылын қосып, оны қайнағанға дейін қыздырыңдар. 2-ші сынауыққа бром суын қосып, 3-ші сынауыққа калий перманганаты немесе калий дихроматы ерітінділерін құйыңдар. Не байқалады? Осы реакцияларда темір (ІІ) сульфаты қандай қасиет көрсетеді? Осы үш тәжірибе нәтижесінде ионы ионына дейін тотығатындығын түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |