Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет169/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

5. Темір (IІ) тұзының гидролизі. Темір (II) тұз ерітіндісін лакмус қағазымен сынаңдар, не байқалады? Гидролиз теңдеуін жазыңдар.

6. Темір (ІІ) тұзын алу. а) Темір карбонаты және гидрокарбонатының түзілуі. Аз мөлшерде дистилденген су алып оған сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндісінен бір тамшы тамызып, сынауықты 1-2 минут қайнатыңдар. Сонан соң, бірнеше кесек темір (II) тұзын (бұл кезде араластыру керек) салып, оған 1 мл сода ерітіндісін құйыңдар. Ақ түсті тұнба түзіледі. Ауада түсінің біртіндеп өзгеруін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Тұнбасы бар сұйықтыққа Кипп аппараты арқылы жіберіңдер, не байқалады? Сонан кейін сынауықты қайнағанға дейін қыздырыңдар, не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Егер бұл операцияны тез жүргізсе, темір (II) қосылысы тез тотығып үлгермесе, реакция тиімді өтеді.

ә) Темір сульфидін алу. Темір (ІІ) сульфаты ерітіндісіне аммоний сульфидінің ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Сынауыққа сұйытылған тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады?

Темір (ІІ) сульфаты ерітіндісіне күкіртсутегі қалай әсер етеді? Кестелерді пайдалана отырып, темір (II) сульфаты ерітіндісіне аммоний сульфиді және күкіртсутегінің әсер ету айырмашылығын түсіндіріңдер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет