1. Хром (III) оксидтерінің алынуы және қасиеттері. а) Сынауыққа аздап ұнтақталған аммоний дихроматының ұнтағын сеуіп, штативке аузын төмен қаратып бекітіңдер. Сынауықтың аузын өзіңнің қасындағылардан басқа жаққа қаратып ұстап, астына қағаз төсеңдер. Тұздың жоғарғы қабатынан реакция басталғанша қыздырыңдар, сонан соң тоқтатыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы процестегі тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
ә) Хром (III) оксидінің алынған ұнтағына сумен, күкірт қышқылымен, азот қышқылымен әсер етіңдер. Хром (III) оксиді суда, сұйытылған қышқыл ерітіндісінде ери ме?
Достарыңызбен бөлісу: |