2. Хром (III) гидроксидінің алынуы және қасиеттері. а) Ішінде хром (III) тұз ерітіндісі құйылған сынауыққа тамшылатып хром (III) гидроксидінің тұнбасы түзілгенше натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Тұнбаның түсін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Түзілген тұнбаны 2 сынауыққа бөліңдер. Біреуіне сұйытылған қышқыл, екіншісіне - сілтіні көп мөлшерде қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Хром (III) гидроксиді қандай қасиет көрсетеді. Хром гидроксидінің сілтімен әрекеттесуінен түзілген өнімді келесі тәжірибелерге (3б) қалдырыңдар. Алынған ерітінділердің түстерін байқаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |