2. Фосфинді алу және оның қасиеттері. Фарфор табақшаға эквивалентті концентрациясы 4 моль/л-ге тең тұз қышқылын аздап құйып, 2-3 кальций фосфоритін пинцетпен салыңдар. Газдың бөлінуін және тұтануын байқаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Фосфордың және азоттың сутекті қосылыстарының тұрақтылығын салыстырыңдар.
3. Фосфор (V) оксидін алу. (жұмысты тартпа шкафта жүргізеді). Асбест торға қойылған фарфор табақшаға аздап 0,4-0,5 г қызыл фосфор салып, табақшаның үстіне құрғақ воронканы төңкеріп бекітіңдер, қызыл фосфорды қыздырылған шыны таяқшамен тұтандырыңдар. Воронка қабырғасында қандай зат түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар. Фосфор түгелдей жанып болғанда воронканы штатив сақинасына қойып 5а-тәжірибеге сақтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |