Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет60/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

5. Фосфор қышқылдарын алу. (в-тәжірибесін тартпа шкафта жасау керек). а) Фосфор (V) оксидінен фосфор қышқылдарын алу. 3-тәжірибеде алынған фосфор оксидін воронкадан сынауыққа дистилденген сумен жуып ерітіңдер. Ерітінді мөлдір болғаннан кейін, екінші сынауыққа құйып әлсіз қышқылдық орта болғанша (ол үшін көк лакмус қағазымен анықтау керек) сода ерітіндісімен бейтараптаңдар. Тәжірибе нәтижесінде қандай қышқыл түзілгенін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.

Ерітіндінің қалған бөлігін стақанға құйып 10-15 мл су және 1-2 мл концентрлі азот қышқылын (қосылу реакциясын тездету үшін) және су қоса отырып 5-10 минут қайнатыңдар. Кейін оның 1-2 тамшысын сынауыққа алып әлсіз қышқыл ерітіндісіне дейін сода қосып бейтараптаңдар және күміс нитратын қосыңдар. Тұнбаның түсінен қосылу реакциясының біткенін анықтаңдар. Реакция нәтижесінде қандай қышқыл түзілді? Егер қосылу реакциясы аяқталмаса қалған ерітіндіні әлі де 5-10 минут қайнатып, анализді қайталаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.



ә) Қызыл фосфорды тотықтыру арқылы ортофосфор қышқылын алу. Фарфор табақшада фосфордың аз мөлшерін 5-6 мл концентрлі азот қышқылын қосып қыздырыңдар. Егер фосфор толық әрекеттеспей қалса, тағы да азот қышқылын қосып, ерітіндіні қайнатыңдар, суалтыңдар (не үшін?). Қалдығын сумен сұйылтып, әлсіз қышқылдық ортаға дейін содамен бейтараптаңдар, күміс нитратын қосып сынаңдар. Тәжірибе нәтижесінде қай қышқыл түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.

6) Фосфориттен немесе сүйек ұнтағынан ортофосфор қышқылын алу. Фарфор табақшаға аздап сүйек ұнтағын немесе фосфоритті салып, оған күкірт қышқылын (1:1) құйыңдар. Қоспаны қайнатып сүзіңдер, ерітіндіде ортофосфор қышқылы бар екенін дәлелдеңдер, ол үшін аммоний молибдатының ерітіндісін пайдалану керек. Реакция теңдеуін жазыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет