Гиперхолестеринемия мен гиперлипидемия әсерінен атеросклероз даму қаупі бар. Ол жүрек қантамыр жүйесінің қызметін бұзады.
Қантамыр ішінде онкотикалық қысым төмендеп, қанның сұйық бөлшегі тамыр сыртына шығады содан ісіну дамиды. Ал РАА жүйесі белсенуінен альдостерон мен вазопрессин көп өндіріліп, гипернатриемия дамып, ісінуді одан ары ұлғайтады.
Қанда жиналған уытты заттар жүрекке әсер етіп, перикардтың серозы қапшығы арқылы өткенде үйкеліс шуын тудырады. Бүйректің функционалды жағдайы туралы қорытынды жасаңыз.
Бүйректің сүзгіштік қасиеті бүлінген. Гипернатриемия, гиперазотемия, гипоальбуминемия, гиперлипидемиямен, ағза қызметінің, гомеостаздың бұзылуымен асқынған бүйрек жеткіліксіздігінің көрінісі бар.