52 жастағы ер адам, 12 жылдан бері созылмалы гломерулонефритпен зардап шегеді, соңғы күндері күндіз ұйқышылдық және түнде ұйқысыздықтың дамығандығына, шаршағыштық, апатия, қабырғаастындағы ауырлық сезімі, құсу, іш өту, терінің қышуына шағымданып дәрігерге келді.
Қарап тексергенде: АҚ 165/95 мм с.б. жүрек шекарасы солға кеңейген, жүректің барлық аймағында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Айқын ісінулер. Несеп талданымы: тәуліктік диурез - 450 мл.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі – Уремияға асқынған. Уремия – зат алмасулардың әртүрлі бұзылыстырмен, организмде уытты заттардың жиналуымен, ағза қызметінің бұзылысымен сипатталатын бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігін айтады.