Зерттеу мәселелері дегеніміз зерттеушілердің аталмыш салада білгілері келетін нақты ашық, яғни нақты жауабы жоқ сауалдарын білдіреді.
Зерттеу мәселесі ғылыми-зерттеу жұмысының мақсатын және міндеттерін анықтауға бағыттайды. Мысалы, «Менің ... анықтап алғым келеді немесе неге» - сияқты мәлімдеу түрінде болуы мүмкін, бірақ сұрақ зерттеуішінің не зерттелуі тиіс деген мәселеде мейлінше анық болуға мәжбүрлейді.
Зерттеу сұрағын анықтау тергеу сипатында болуы тиіс.
Жорамал белгілі бір дәрежеде ғылыми-зерттеу сауалы болып табылады. Алайда ол анықталуы тиіс сұрақ сияқты қойылмайды.
Денском зерттеу сауалдары типтерінің пайдалы 6 тізімін ұсынды және оларды Уайт тағы біреуімен толықтырған болатын.
Денском және Уайт бойынша ғылыми-зерттеу мәселелерінің типтері келесідей: 1. Қорытындыны болжау (y жағдайы, шын мәнісінде, a және b жағдайларында болуы мүмкін бе?).
2. Белгілі бір құбылыстың себептері мен салдарын түсіндіру (y-ке x байланысты немесе у-тің салдары х пе?).
3. Құбылысты бағалау (шынында да y сендіргеніндей тиімді ме?).
4. Құбылысты сипаттау (y-ке не ұнайды немесе y қандай формаларды топшалайды?)
5. Жақсы тәжірибені дамыту (y-ті қалай жақсарта аламыз?).
6. Құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту (зерттеу нысанасы болып табылатындардың өмірін қайтсек, жетілдіре аламыз?).
Жоғарыда айтылған сұрақтардың алты типіне қоса, Уайт өз альтернативасын, яғни баламасын ұсынады:
7. Салыстыру (x-пен салыстырғанда, a мен b айрықшалана ма?).
Ғылыми-зерттеу мәселелерінің жіктелуі тиіс екеніне байланысты көптеген амал-тәсілдер бар. Сонымен қатар, жеткілікті толық тізім табу қиын болғанымен, аталған жеті типі біздің мүмкіндіктер жайында көзқарасымызды қалыптастыра алады және зерттеудің анағұрлым кең мақсаттары жөніндегі полемикаға назар аудартады.
Зерттеу мәселелерін құрастыру - бұл зерттеу ауқымын нақтылау мәселесі және зерттеудің не жайлы болатындығана бағытталған.
Зерттеу сұрақтары осылайша маңызды. Ғылыми-зерттеу мәселесінің болмауы, не болмаса, зерттеу мәселесін дұрыс қисындамау зерттеу жұмысының нашар болуына әкеп соғады. Егер сіз зерттеу мәселесін анық көрсетпесеңіз, зерттеулеріңіздің қандай мәліметтер жинайтынының жөн-жосықсыз болу қаупі бар. Сондықтан өз зерттеу мәселелеріңізді анық та дәл білу өте маңызды.