Зерттеу үдерісі және негізгі кезеңдері Ғылыми зерттеу үдерісі



бет5/7
Дата03.11.2022
өлшемі27,37 Kb.
#156353
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Зерттеу дерісі ж не негізгі кезе дері ылыми зерттеу дерісі

Іріктеме тәсілі жиі газеттерде кездесетін қоғамдық пікірді білу үшін қолданылатын сауалнамалардың негізінде жүзеге асырылады. Мұндай іріктеме әдетте, қалың көпшілікті көрсете алатын фокус топ (Focus group) үлгілерді іздеу қағидаттарына негізделеді.
Бұдан басқа, нақты оқиғаны зерттеуде талдаудың бір немесе бірнеше бірлігі болуы мүмкін. Мұндай зерттеулердің мақсаты таңдап алған топты немесе нақты оқиғаларды тереңірек түсіну болып табылады.
Нақты оқиғалар немесе оқиғалар зерттеуге қатысты өлшемдерге сай таңдалуы тиістігін айтпағанның өзінде, зерттеу контексінің мүшелері болып табылатын адамдар да арнайы өлшемдерге сай іріктелуі тиіс.


Мәлімет жинау
Мәліметтер жинау кезеңі кез келген зерттеу жобасының маңызды сәті болып табылады. Мәліметтер жинау әдістерінің кейбіреулері, мысалы, сұхбат пен сауалнамалар, оқырмандарға басқаларынан гөрі көбірек таныс болуы ықтимал. Кейбір әдістер зерттеуші өзіне керек мәселені білу мақсатында іске асыруға қажет зерттеу құралдарының құрылымы жайында алдын ала жорамалданған жалпы өрнегін анықтау үшін мәліметтер жинау тәсілінің құрылымдық түрін тартады.
Сауалнама сондай құралдың үлгісі болып табылады; зерттеуші зерттеу сұрақтарына, мәліметтер жинауға мүмкіндік беретін жоба мен сауалнама сұрақтарына жауап беру үшін өзінің нені білуі тиіс екенін анықтап алады.
Сол сияқты шолу сипатындағы зерттеулерде қолданылатын сұхбат түрі -құрылымдық сұхбатқа дәл осы мақсатқа арналған көптеген сұрақтар енеді.
Ғылыми-зерттеуге арналған мәселелер мен сауалнамалардағы, сұхбат мәтініндегі сауал түрлері әртүрлі болуы тиіс: зерттеу мәселелері сол зерттеу мақсатын көрсетуге арналады; сауалнама болса, зерттеу мәселелерін ашуға көмектесетін бір немесе бірнеше сауалдардан тұруы тиіс.


Мәліметтерді талдау кезеңі
Мәліметтер талдауға бірнеше элементтерден тұруы мүмкін. Көбіне жинақталған мәліметтерді талдауда статистикалық әдістер қолданылады.
Дегенмен, мәліметтердің бәрімен бірдей сандық талдау жасай беруге болмайды, тіпті кейбір мәліметтерге баламалық талдау түрлерін таңдаған лайықты болуы мүмкін. Өйткені кейде дәл сол мәліметтерді талдағанда, басқа нәтиже шығуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет