Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Бүгiнде диабет сусамыр aуруының



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата26.10.2022
өлшемі1,1 Mb.
#154894
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
для распечатка -Еркебулан
111, ОТВЕТЫ ГОТОВЫЕ
3.2 Нәтижелерді тaлқылay 
Зерттеy мaқсaты мен міндеттері бойыншa экспериментaльды қaнт 
диaбеті 
кезіндегі 
қaн 
сaрысyының 
биохимиялық 
көрсеткіштеріне 
фитосорбенттердің, яғни жyсaн мен түйе жоңышқaның негізіндегі 
фитосорбенттің әсерін aнықтaдық және бaғaлaдық.
Қара Жусанның құрамында шырышты және шайырлы заттар, каротин, С 
витамині, эфир майы
 
мен аздаған алкалоидтар бар. Тамырында илік заттар, 
инулин және эфир майы болады. Қара Жусанның емдік қасиеті ерте кезден-ақ 
белгілі болған. Шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет ашады, асқазан, ішек 
бездерінің қызметін күшейтеді, жүйке жүйесін тыныштандырады. Сондай-ақ 
оның тер шығаратын, ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Демікпеге шалдыққан 
адамға Қара Жусанның сабағы мен жапырағының түтінін иіскетеді. Қытай 
медицинасында 
бүйрекке 
тас 
байланғанда 
Қара 
Жусан 
шөбінің 
қайнатындысынан ванна жасайды. Қара Жусан – мал азықтық өсімдік [21].
Қарағанды қаласындағы «Фитохимия ХҒӨХ» акционерлік қоғамының 
өнімі – «Арглабин» дәрісі Ресейдің ғылыми орталығында клиникалық 
сынақтан өтіп, ТМД аумағына таралу құқығына ие болып отыр. Бұл туралы 
Ұлттық ғылым академиясының өкілдері хабарлады. Бұған дейін осы дәрі 11 
елдің патентімен қорғалған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, бұл дәрі бауыр, 
өкпе және сүт бездерінде пайда болған ісіктерді емдеуге және олардың алдын 
алуға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін қатерлі ісік ауруларына 
қолданылатын бұл дәріге шетелдерден 11 миллион данаға тапсырыс түссе, ішкі 
сұраным 2 миллион данаға жетіп отырған көрінеді. Қарағанды қаласында 
осыдан 2 жыл бұрын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен 
«Арглабин» дәрісін шығаратын зауыт құрылысы басталып, жусаннан қатерлі 
ісікке қарсы дәрі жасайтын фармацевтикалық кәсіпорын құрылысына 
инвесторлардан және Қарағанды облысының бюджетінен 93 миллион бөлінген 
болатын. 
Дәрілік түйе жоңышқа құрамындағы заттардың ағзаға биологиялық әсері. 
Дәрілік түйе жоңышқа құрамында флавоноидтер мен полисахаридтің мол 
қоры бар және бұл заттар түйе жоңышқаның емдік қасиетін анықтайды. 
Флавоноидтардың ағзада болатын биологиялық процестердің толық қанды 
жүрyіне оң ықпал еттетіндігін көптеген зерттеyлер көрсетті. Флавоноидтар 
аскорбин қышқылымен бірігіп ағзадағы тотығy –тотықсызданy үрдістеріне 
әсер етіп, тотығyды тежейді, адреналиннің әсер етy yақытын ұзартады, осы 
қасиеттері арқасында ол жасyшаның антиоксиданттық қорғаy жүйесінің 
құрамына енеді. Флавоноидтардың антиоксиданттық белсенділігі оның 
құрамындағы қозғалмалы сyтегіне тікелей байланысты. Ол сонымен қатар 
баyырдың залалсыздандырғыштық фyнкциясын ынталандырады, баyырда 
гликоген мен аскорбин қышқылы қорының сақталyын қамтамасыз етеді. Олар 
АТФ-азаны, фосфодиэстеразаны, А2 фосфолипазаны, циклооксигеназа лардың 
тараyына әсер етеді. Флавоноидтар осы ферментер арқылы иммyндық, 
секреторлық бөлy және шығарy үрдістеріне ықпал етеді. 


54 
Жалпы дәрілік өсімдіктер құрамында көптеген минералдар мен 
витаминдер және т.б. заттар кездеседі. Жабайы және тағамдық өсімдіктердің 
(көкөніс, жидек, жеміс, татымды өсімдіктер) шипалы құрамы аса мол. Олардың 
емдік қазынасында сан-алуан физиологиялық сергек компоненттер көп: 
организмде дұрыс зат алмасуын үзбей қолдап отыруға қажетті витаминдер, 
минералды тұздар мен микроэлементтер, тіршілікке зиянды заттарды 
организмнен шығаруға әсер ететін пектиндер, ауру тудыратын көптеген 
микроорганизмдерді жойып жібере алатын фитоциндер және тағы басқалар. 
Заттардың осы шипалы қосындысында өсімдік витаминдері – тамақтың 
өте-мөте бағалы факторлары басты орын алады. Жұртқа мәлім, витаминдер аз 
мөлшерімен-ақ әсер етеді, ал олар жетімсіз болса, онда зат алмасуының 
бұзылуына, нерв жүйесінің дұрыс қызмет істемеуіне және де басқа да 
шалдығуларға байланысты бірқатар айтулы аурулар пайда болады. Көптеген 
витаминдердің жоғарғы биологиялық әсерлігі мынада: олар белоктық, 
көміртегіндік және басқа да метаболикалық процестерді катализдейтін 
фермент жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады. Бірқатар витаминдердің 
әсер ету диапазонының кейде кеңдігі сонша, олардың ерекшелігін айтып 
жеткізу қиын, әртүрлі витаминдердің әсер ету күші бірінен-бірі асып жатады, 
сондықтан олардың бір-бірін сүйейтінін, ауыстыратынын байқауға болады. 
Белоктар, майлар, көміртегі – адам денсаулына, оның тағам рационына 
керекті маңызды компоненттері болып саналады. Белоктар және ішінара 
майлар әсем, нәзік заттарға жатады, яғни организмде ескіні ауыстырып, 
жаңаны жасауға қолданылады. Белоктық заттардың алмасу өніміне амин 
қышқылдары, амидтер, аминдер жатады. Белоктардың тағамдық бағалығы 
олардың құрамына кіретін амин қышқылдарымен (олар небары 20) 
анықталады, бұлардың ішінде 9 қышқыл ауыстыруға болмайтын қышқылдар, 
олардың көпшілігі – цистин, лизин, триптофан, аргинин, метионин 
өсімдіктерде кездеседі. Амин қышқылдарының бірқатары – лейцин, тирозин, 
аргинин, гистамин - өсімдіктерде: пісіп келе жатқан дәндерде, тамырларда, 
түйнектерде көбіне еркін жағдайда тұрады.
Бұршақ тұқымдастардың дәндеріндегі белоктар амин қышқылының 
құрамы бойынша малдардікіне жақын келеді. Аталып өткен өсімдіктердегі 
амидтерге: аспарагин, гванидин, глютамин жатады. Аспарагин қояншөптен 
табылды, ол сондай – ақ бұршақ тұқымдастарда (бұршақта), астра 
тұқымдастарда (күнбағыста, бақбақта), балдыркөк тұқымдастарда (сәбізде) бар. 
Гванидин қант қызылшасында, жүгеріде және басқа өсімдіктерде кездеседі. 
Белоктар көбіне белок емес компоненттермен (нуклеин қышқылымен, 
витаминдермен, металдар – темірмен, молибденмен) қосылып, әртүрлі 
қосындылар түрінде болады да, протеидтер тобын құрайды.
Белоктар нерв жүйесі арқылы зат алмасуына дем береді, организмнің 
инфекцияларға қарсы қарсылығын күшейтеді, ферменттер мен гормондардың 
құралуына қатысады. Соңғы кезде биологиялық сергек заттар ретінде амин 
қышқылдарына үлкен маңыз беріліп жүр, олардың біразы емдік тағамдарда 
қолданылады. 


55 
Табиғи қышқылдар
 
өсімдіктердің клеткасындағы шырында болады. 
Жемістер – көптеген табиғи қышқылдардың бай қайнар көзі. Бізге анағұрлым 
жиі кездесетіндердің қатарына құмырсқа қышқылы (алма, таңқурай), сірке 
қышқылы (әртүрлі жемістерде және өсімдік шырындарында), алма, лимон 
қышқылдары (алма, алмұрт, құлпынай, таңқурай, қарақат), янтарь қышқылы 
(қызыл қарақат, пісіп жетілмеген шие, қызыл шие, алма), салицил қышқылы 
(таңқурай, қожақат) және гликозидтер (шегіргүл және хош иісті шегіргүл) мен 
күрделі эфирлер (түймедақ, жусан, мыңжапырақ майлары) жатады. 
Табиғи қышқылдардың (алма, лимон) ықпалымен ас қорыту сөлдерінің 
бөлінуі артады, ішек перистальтикасы күшейеді, ас қорыту процестері 
жақсарады, әсіресе бұл кім-кімде тұз қышқылы бөлінуі төмен болса, солар 
үшін өте қажет. Табиғи қышқылдар қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті реттеп 
отыруда маңызды роль атқарады, ішкі ортаны сілтілдендіріп, организмді 
ацидоз жағдайынан арылтады. 
Янтарь қышқылының да маңызы үлкен, ол қолайсыз жағдайда жұмыс 
істеуді жақсартатын адаптоген дәрулеріне жатады. Бірақ мынаны ескеру керек, 
көміртегі бар тамақты аса көп жеу сірке қышқылының тым молайып кетуіне, 
демек холестериннің көбеюіне әкеледі (өйткені сірке қышқылының бір бөлігі 
холестеринді синтездеуге пайдаланылады). Қымыздық қышқылына бай 
өсімдіктерді (бұл қышқыл әсіресе қымыздықта, содан соң шпинатта, рауғашта 
көп) сақтықпен қолдану керек, өйткені олар тұз алмасуына теріс әсер етеді, 
кальциймен қосылып, ерімейтін тұз құрайды. 
Белок қосындылары ішінде ферменттер – тіршіліктің маңызды 
катализаторлары – аса маңызды роль атқарады. Ферменттердің гидролиздік 
топтарының ішінен мыналарды: күрделі эфирлерді құруға немесе ажыратуға 
қатысатын 
эстеразаларды, 
гликозидтер 
мен 
полисахаридтерді 
моносахаридтерге ажырататын карбогидразаларды және протеиндерді амин 
қышқылына ажырататын протеазаларды атауға болады. Эстеразаларға, 
мәселен, бұршақ тұқымдастардың (бадана, бұршақ) дәнінде, күнбағыс дәнінде 
болатын липаза, баданада, картопта және басқа өсімдіктерде болатын 
фосфотаза жатады. Карбогидразалардың ішінен көптеген өсімдіктерде 
кездесетін сахарозаны, мальтозаны және басқаларын, сондай-ақ, барлық 
өсімдіктердің мүшелерінде болатын, көміртегіне бай полиазаны, инулин 
молекулін фруктозаға ажырататын инулиназаны, пектинді суда еритін 
редукцияланған затқа ажырататын пектиназаны атауға болады. 
Көміртегі – организмде энергияның қайнар көзі, әртүрлі қанттар түрінде 
сақталады. Көміртегінің моно-, олиго- және полисахаридтер деген түрлері бар. 
Моносахаридтердің ішінен глюкоза, фруктоза өсімдіктердің көк бөлігінде, 
дәндерінде, гүлдердің шірнесінде, әртүрлі жидектер мен жемістерде аса мол 
болады. Дисахаридтерге сахароза (құрғақ қанты немесе қызылша қанты) 
жатады, ол әртүрлі өсімдіктердің жапырақтарында, сабақтарында, дәндерінде, 
жемістерінде, тамырлары мен түйнектерінде кездеседі.


56 
Полисахаридтер табиғи және функционалды мәні жағынан резервтік 
(крахмал, инулин), скелеттік (клетчатка, лигнин, пектин) болып келеді және 
глюкоза молекулаларынан құралады.
Пектин 
заттары 
галоктурон 
қышқылынан 
құралған, 
өсімдік 
тканьдеріндегі клетка аралық заттар осылардан жасалынады. Пектиндерсіз 
организм дұрыс қызмет істей алмайды. Олардың сору және тұтқыр дәрілік 
қасиеттері бар, улы заттарды зиянсыз етеді, оларды, оның ішінде басы артық 
холестеринді де организмнен шығаруға себепші болады. Пектиндер ас 
қорытуды жақсартады, дезинфекциялауға, өтті айдауға, несеп жүргізуге, ішті 
босатуға әсер етеді. Оларды балалардың іш өтуін емдеуге (алма диетасы) 
пайдаланады, өндірістегі уланудың қатерін бәсеңдету үшін профилактикалық 
дәру ретінде де қолданады. Шикі көкөністер мен жемістер пектинге бай келеді. 
Пектин бүлдіргеннің, итмұрынның, қара қарақаттың, алманың, шиенің 
жемістерінде, қарлығанда, сондай-ақ шалғамда, қызылшада, балдыркөкте көп 
болады.
Өсімдік клеткасы қабығының құрамына негізінен клетчатка кіреді 
(клетчатканың бір молекуласы 60-100 глюкоза молекуласынан тұрады). 
Клетчатка асқазанда қорытылмайды дерлік, бірақ бұған қарамай, ол өте қажет, 
өйткені қарын қабырғасының нерв талшығын тітіркендіріп, қарын сөлінің, 
өттің бөлінуін күшейтеді, ас қорытуды жақсартады, ішектерде орналасқан 
пайдалы микроорганизмдердің қызметіне жақсы әсер етеді, сонымен қатар 
зиянды бактерияларды жоюға себепші болады.
Майлар да көміртегі сияқты организмді қажетті энергиямен қамтамасыз 
етеді. Өсімдіктерден алынған майлардың егде тартқан адамдардың тағамында 
болуының үлкен маңызы бар, олар қандағы холестериннің мөлшерін 
төмендетуге септігін тигізеді, атеросклероздың дамуын тежейді. Олар 
жетіспеген күнде зат алмасуы бұзылады.
Минералдық заттар – өсімдіктерде болады, олар әр алуан реттеуші 
қызмет істеп, фармакологиялық келелі роль атқарады. Өсімдіктер бойындағы 
мөлшеріне қарай, олар макроэлементтер мен микроэлементтерге бөлінеді. 
Макроэлементтер – калий, кальций, магний, кремний, фосфор, темір және 
басқалары өсімдіктерде айтарлықтай көп кездеседі. Әсіресе калийдің маңызы 
орасан зор: ол барлық дерлік физиологиялық процестерге қатысады. Калийдің 
тұзы организмнің қышқыл-сілтілік жағдайын реттеп отырады, денедегі басы 
артық сұйық пен натрий тұзынынан құтылуға көмектеседі. Калийі көп 
өсімдіктер ісікке, гипертония ауруына, жүрек, бүйрек, бауыр ауруларына 
арналған емдік тағамдарда кең пайдаланылады. Ондай өсімдіктерге мыналар 
жатады: татымды хош иістілер – пияз, кресс-салат, салат, ақжелкен, бұрыш, 
балдыркөк; көкөністер – сәбіз, баклажан, асқабақ, шалғам, шомыр, капуста, 
томаттар; жемістер –алмұрт. 
Кальций фосфор қышқылымен және магниймен қосылып, сүйек 
қаңқасының құрамына белсенді қатысады, қанның сарысуында болады. Ол 
калиймен бірге қанның ұюына, нерв жүйесі мен бұлшық еттердің қозуына 
қатысады, жүрек бұлшық еттерінің тонусын күшейтеді. Басты және 


57 
жапырақты салатта, капустада, көк пиязда, порей пиязында, ақжелкенде, 
шалғамда, шомырда, сәбізде кальцийдің айтарлықтай көп мөлшерде болатыны 
анықталды. Темір гемоглабиннің жасалуына негіз болып қызмет етеді: ал 
гемоглобин жеткіліксіз болса, әлсіздік, қаны аздық пайда болады. Адамның 
организмінде С витамині болған күнде ғана темір бойға дұрыс сіңеді. Темірі 
бар өсімдіктерді анемия (қаны аздық) кезінде пайдаланған жөн. Темір 
алмаларда, құлпынайда, қарлығанда, сондай-ақ татымды өсімдіктерде 
(ақжелкеннің көгінде, балдыркөкте), желкекте, шалғамда, шомырда, пиязда 
(порей пиязда, басты пиязда), салатта, шпинатта, томаттарда бойға сіңімді 
түрінде мол болады.
Микроэлементтер – бұларға мыс, марганец, никель, мышьяк, кобальт, 
молибден, қалайы жатады, олар өсімдіктерде бәсең шоғырланады (әдетте 
проценттің мыңнан бірі). Ферменттердің, витаминдердің, гормондардың 
құрамына кіретін микроэлементтер негізінен зат алмасуға, клетка ішіндегі 
алмасуға, ткань тынысына, қанның жасалуына, бойдың өсуіне әсер етуімен 
байқалады. Қайсыбір микроэлементтердің әсер күші басқа микроэлементтердің 
организмде болуына байланысты. Мәселен, кобальт организмде мыс пен 
қалайы жеткілікті мөлшерде болған күнде ғана жақсы әсер ете алады. Бойында 
микроэлементтер бар өсімдіктер медицинада макроэлементтер сияқты дәрі-
дәрмектер ретінде пайдаланылады, өйткені бірталай аурулар қайсыбір 
элементтің жетіспеуіне байланысты болады. Соңғы кезде қан ауруын емдеуге 
кобальт бар өсімдіктен жасалған дәрі-дәрмектерді пайдаланып жүр, оның 
үстіне кобальт В
12
витаминінің құрамына кіреді. Ал қалайы қарын асты безде 
инсулиннің құралуында маңызды орын алады, ал инсулин қант диабеті 
ауруларына аса қажет.
Түйе жоңышқа құрамында полисахаридтің адам және жанyарлар 
ағзасына әсер етy механизмі толық зерттелмеген, тек кей өсімдіктер 
полисахаридтерінің әсері тyралы үздік-үздік мәліметтер бар, олардың ішінде 
түйе жоңышқа полисахаридтерінің әсер етyі тyралы мәліметтер жоқ. Дәрілік
түйе жоңышқа құрамындағы полисахарид тобы ағзаның қабынy үрдістеріне 
қарсы әсер ететін, қанның биохимиялық құрамын қалпына келтіретін, оксидаза 
мен гидролитикалық ферментердің және фагоцитарлық жасyшалардың 
көбеюіне және олардың фyнкционалдық белсенділіктерінің артyына ықпал 
етеді, бұл құбылыстар осы аталған құрылымдар енетін жүйелердің 
белсенділігін артырy есебінен болатындығын анықтады. Сонымен дәрілік түйе 
жоңышқа құрамындағы флаваноидтар баyыр жасyшалары мен оның 
құрылымына әсер етсе, полисахаридтер қан жасyшалары мен оның құрамына 
әсер етеді. Дәрілік түйе жоңышқаның осы анықталған қасиеттері оны 
қорғасынмен yыттанған жанyарларды емдеyде қолданyға мүмкіндік берді. 
Дәрілік түйе жоңышқa фитопрепaрaтының 25мг/кг дозaсының әсерінен 
қорғaсынмен yыттaнy кезінде гемолизaттың хемилюминесценциялық өз 
бетінше әлсіз жaрқырayдың деңгейі 24%-ғa төмендеді, 50 мг/кг дозaсыынң 
әсерінен 47% aзaяды, әсерленген әлсіз хемилюминесценцияның деңгейі 32%-


58 
ғa төмендейді, 50 мг/кг дозaсындa aзaю деңгейі 52%. Дәрілік түйе жоңышқa 
фитопрепaрaтының әсерінен билибyрин деңгейі 0,3 % aзaйды. 
Дәрілік түйе жоңышкa фитопрепaрaтының 25 мг/кг дозaсының әсерінен 
диенді қоспaның(ДҚ) эритроциттердегі деңгейі 29%-ғa төмендеді, бұл 
көрсеткіштің плaзмaдaғы деңгейі 23%-ғa aзaйды. Липидтердің aсқын 
тотығының өнімдерінің эритроциттердегі деңгейі 22%-ғa төмендеді. Мұндaй 
мәліметтер ТБК-ӘӨ бойыншa эритроциттер мен плaзмa үшін төмендеy 
дәрежесі сәйкес 27% және 28% тең болды. 
Дәрілік түйе жоңышкa фитопрепaрaтының 50 мг/кг дозaсының әсерінен 
диенді қоспaның эритроциттердегі деңгейі 51%-ғa төмендеді, бұл көрсеткіштің 
плaзмaдaғы деңгейі 47%-ғa aзaйды. Липидтердің aсқын тотығының өнімдерінің 
эритроциттердегі деңгейі 42%-ғa төмендеді. Мұндaй мәліметтер ТБК-ӘӨ 
бойыншa эритроциттер мен плaзмa үшін төмендеy дәрежесі сәйкес 75,9%
және 72% тең болды. 
Дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының аллоксан диабеті кезіндегі
егеуқұйрықтардың бауыр жасушаларының антитотық тырғыш жүйесіне, бос 
радикалды асқын тотығының үрдістеріне және оның қызметіне әсері бар 
екенін көрсетті. Бұл көрсеткіш мөлшері бақылау тобына қарағанда 112 % өссе, 
бауыр қызметінің нашарлағандығы байқалады. Уыттың әсерінен қан сары 
суындағы жалпы және еркін билирубиндердің деңгейі 129% және 103% 
жоғарылады яғни бауыр жасушаларыннан билирубиннің өтке бөлінуі азаяды. 
Сілтілі фосфатазаның белсенділігі 72% жоғарылады, ал бауыр жасушалардағы 
синтезделінетін энзимнің бірі –холинэстеразаның белсенділігі 31% (69-100=-
31%) төмендейді. Соныменқатар уытты әсерінен бауыр ұлпаларының уытты 
заттарды жұтып алу қызметі төмендейді, бұған қан сары суындағы
биллирубин мөлшерлерінің өсуі және сілтілі фосфатазаның белсенділігің 
жоғарылауы дәлел болып табылады.
Жұмыстың алғашқы кезеңінде қалыпта жағдайдағы жануарлардың қан 
сарысуының биохимиялық көрсеткіштері анықталды. Ал келесі кезекте екінші 
топтағы жануарлардың, яғни аллоксанды қант диабеті алынған жануарлардың 
да биохимиялық көрсеткіштерін бақылау тобымен салыстыру зерттелді.
Зерттеу барысында егеуқұйрықтарда инсулин жетіспеушілігі аллоксан диабеті 
моделін алдық, оны төмендегі мәліметтер дәлелдейді. Егеуқұйрықтарға 
аллоксан енгізгеннен кейін 30 күннен соң бақылау топпен салыстырғанда 
қанда глюкоза мөлшері 6 есе артып, несепте глюкоза пайда болды. Аллоксан 
диабеті кезіндегі егеуқұйрықтардың қанында инсулин мөлшері бақылау топпен 
салыстырғанда 3,7 есе, ал лимфада 3 есе төмендеді.
Глюкоза – көмірсу алмасуының, үшглицеридтер – липидтік алмасудың 
және билирубин – белоктық алмасудың өкілдері екендігі бәрімізге белгілі.
Әдебиет мәліметтері бойынша, жануарларға аллоксан енгізгенде 5 
минуттан кейін-ақ ұйқы безінің инсулярлы жасушалары зақымдала бастайды, 
ал 3–4 аптадан кейін ұйқы безінің β-жасушалары дегрануляцияға, некрозға 
ұшырап, ыдырайды. Аллоксан әсерінен, осы процестердің нәтижесінде ұйқы 
безінің Лангерганс аралшаларында α-жасушалары қалады. Біздің алған, 


59 
егеуқұйрықтардағы аллоксан диабеті, ауыр өтуімен және қандағы глюкоза 
мөлшерінің артуымен клиникалық инсулинге тәуелді қант диабетінің І типіне 
сәйкес келеді. Біздің тәжірибелерімізден алынған мәліметтеріміз бойынша 
егеуқұйрықтарда экспериментальды қант диабеті кезінде гипергликемия және 
глюкозуриямен қатар, қан мен несепте глюкоза мөлшері жоғарылады.
Әдебиеттерде, ғылыми деректер бойынша қант диабеті кезіндегі қан 
плазмасы мен формалық элементтерінің қатынасы (гематокрит), сонымен 
қатар, қанның үлестірмелі салмағы қанның тұтқырлығына әсер ететіні белгілі.
Экспериментальды қант диабеті кезінде егеуқұйрықтарда диурездің 
артқаны байқалды, сонымен қатар дәл осындай құбылыс клиникадағы қант 
диабеті науқастарында да кездескен. Бақылау топпен салыстырғанда тәжірибе 
топтағы егеуқұйрықтардың қан плазмасындағы мочевина мөлшері 31%-ға, ал 
креатинин 10%-ға төмендеді. Тәжірибе топтағы егеуқұйрықтардың қан 
плазмасында билирубин мөлшерінің аздап артқаны байқалды, бұл бауыр 
қызметінің бұзылғандығын білдіреді. 
Қант диабеті кезінде көмірсу, белок және липидтің алмасуының өзгеруі 
бауырдың ферментативтік белсенділігінің бұзылуына байланысты деп 
есептеледі [21]. Соған байланысты, экспериментальды қант диабеті кезінде 
көмірсу алмасуы бұзылуымен байланысты белоктың алмасуы да нашарлайды. 
Қант диабеті кезінде қандағы белоктың жетіспеушілігін бауыр қызметінің 
төмендеуімен байланыстырады.
 
Біздің тәжірибемізде аллоксан диабеті кезіндегі егеуқұйрықтардың қан 
сарысуында мочевина мен креатининнің концентрациясының артуы бауыр 
қызметінің бұзылуы мен бауырда белок синтезінің нашарлауына байланысты 
және біздің тәжірибемізде көрсетілгендей қандағы билирубин деңгейінің 
жоғарылауы дәлел болды. 
Қант диабеті кезінде липидтердің асқын тотығы күшейіп, бос радикалды 
патология алып келеді деген пікірлер бар. Диабеттік гипергликемияның басты 
себептерінің бірі глюконеогенездің жылдам жүруі, оның жүруінде 
ферменттердің рөлі зор. Біздің зерттеулерімізде бақылау топпен салыстырғанда 
аспартатаминотрансфераза 
(АсАТ) 
көрсеткіші 

есе, 
ал 
аланинаминотрансферазалар (АсАТ) деңгейі 3 есе артты. Қан плазмасындағы 
АлАТ мен АсАТ-ның мөлшерінің артуы экспериментальды қант диабеті 
кезінде егеуқұйрықтардың цитологиялық үдерістердің белсенділігінің 
жоғарылайтынын көрсетеді. 
Біздің тәжірибемізде анықталғандай экспериментальды қант диабеті 
кезіндегі егеуқұйрықтардың қан плазмасындағы АлАТ мен АсАТ-ның артуы, 
бір жағынан, глюконеогенездің күшеюіне байланысты болса, екінші жағынан 
бауырдың паренхималық жасушаларының қызметі мен құрылымының 
бұзылуынан болуы мүмкін.
Инсулин жетіспеушілігін тудыратын аллоксан диабеті липидтердің 
асқын тотығының үдерістері мен бос радикалдардың түзілуін арттырып, 
жасушалар мембаранасын зақымдалуымен сипатталады [22]. 


60 
Осылайша, біздің материалдарымыз бойынша экспериментальды қант 
диабеті кезінде гемостаздың өзгерістері, гипергликемия, гипертензия және т.б. 
жағдайлар туындайды, барлық зат алмасулар бұзылады. Егеуқұйрықтарда қан 
сарысуының биохимиялық көрсеткіштерінің өзгерістерге ұшырайтындығы 
анықталды. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, тәжірибелік жағдайдағы 
жануарларда гиперлипидемия жүретіндігі байқалады, яғни бұл кезде 
организмде көмірсулар алмасуының бастапқы сатылары тежеледі, сонымен 
бірге үшглицеридтердің, холестерин мен липидтердің артуы байқалады. 
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, лигнин негізіндегі наносорбенттерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет