61
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәжірибелік зерттеу нәтижелерінен келесі түйіндер алынды:
1. Егеуқұйрықтарға аллоксан енгізгенде кейін егеуқұйрықтарда глюкоза
мөлшері қанда 15±0,3 ммоль/л-ге артты және несепте глюкозурия (3,2±1,03
ммоль/л) байқалды. Қалыпты жағдайда егеуқұйрықтарда
глюкоза мөлшері
қанда - 4,8 ммоль/л, лимфада - 6,1 ммоль/л, ал несепте – глюкоза болмады.
Тәжірибелік топтағы егеуқұйрықтардың инсулин деңгейі бақылау топпен
салыстырғанда 2,5 есе жоғарлағаны байқалады. Бұл өз кезегінде инсулинге
тәуелді қант диабетін алғанымызды көрсетеді.
Фитосорбенттердің әсерінен
кейін, яғни жусан мен түйежоңышқа сығындысы азда болса диабет кезіндегі
болған өзгерістерді қалпына келтіретіндігі байқалады.
2.
Экспериментальды қант диабеті кезінде қан сарысуында
аланинаминотрансфераза 116%-ға, аспартатаминотрансфераза 125%-ға артты,
бұл ферменттердің мөлшерінің жоғарылауы
бауыр мен ұйқы безіндегі
цитологиялық үдерістердің күшейгенін көрсетеді. Қан және бауыр
жасушаларынның құрамындағы биохимиялық көрсеткіштерінің өзгеретіндігі
дәлелденді. Бұл өз кезегінде қант диабеті кезінде
егеуқұйрықтарда жалпы
белок мөлшері қан сарысуында 11%-ға төмендегені, азоттық алмасудың соңғы
өнімінің азайғаны, билирубиннің артқандығы байқалды, мұның барлығы бауыр
қызметінің бұзылып, белок синтезінің төмендегенін білдіреді.
3. Экспериментальды аллоксанды қант диабеті кезіндегі жануарлардағы
қант диабетінің алдын-алу үшін фитосорбенттердің сығындысы пайдаланыды,
әрі оның әсері бағаланды. Фитосорбенттің әсерінен кейін қан сарысуындағы
инсулин мөлшері тәжірибелік топпен салыстырғанда аз болса да артқандығы
байқалады, бірақ бақылау тобымен салыстырғанда 2,9
есеге дейін төмен
болғанын көрсетеді. Дәрілік жусан мен түйежоңыша негізіндегі фитосрбенттер
әсері жағдайында қант диабетті егеуқұйрықтардың қан сарысуының
биохимиялық және электолиттік көрсеткіштеріне,
сонымен бірге зат алмасу
үдерістеріне әсері анықталды. Біз пайдаланылған фитосорбенттер сығындысы
диабет кезіндегі болатын өзгерістерді біршама қалпына келтіретіндігі
байқалды
және
тәжірибелік
жануарлардың
қанының
биохимиялық
көрсеткіштеріне дәрілік түйе жоңышқа мен жусан фитопрепаратының әсерінен
кезінде қанындағы биохимиялық көрсеткіштерге 25 мг/кг
дозасында біршама
оң көрсеткіштер беретіндігі байқалды.
Бұл жұмыстарды әрі in vivo жағдайында
толықтай зерттеуді қажет екендігін көрсетті.