Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет15/24
Дата21.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#144386
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
ДР нов файл

«Виртуалды ақиқат» сайты – бұл web-серверде жинақталған лингвистикалық және лингвистикалық емес таза материалдар жинағы болып табылады. Оның маңызы мен ынтасы сабақ барысына оқылып жатқан елдің таза мәдениетінің бөлігін алып келумен негізделеді. Одан басқа сабақтар әртүрлі адамдардың тәжірибесінен алынған материалдарға негізделген белгілі қала немесе орынға шектелмеген. Студенттерге бұл материалдармен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік берілген. Бұл жағдайда берілген материалды аудару мен зерттеу жүзеге асырылмайды.
Интернет жүйесін қолдану және оригиналды материалдардың адаптациясы дами түседі. Сабақта осы жүйе арқылы саяхат жасай отырып, студенттер ол ешқашан белгілі бір елге барғанда жинақтамаған баспа ақпараттарымен кездеседі. Негізінде, ол бір кездері ақпаратқа қол жеткізуге кедергі жасаған географиялық шекараларды жояды. «Виртуалды ақиқатта» жолда орналасқан кафеде тоқталуға, вокзалда болуға және ондағы пойыздардың демалыс күндеріндегі жүру кестесін білуге, сол қаланың тұрғыны ретінде супермаркетке кіруге, сосын жинақталған коллекцияны сабаққа алып келіп, оны сабақта үйді немесе оқу орнынан шықпай отырып пайдалануға болады.
City Net сайты парктерді, ескеркерткіштерді және әртүрлі мәдени ғимараттарды көре отырып түрлі мемлекеттерге саяхат жасауға болады. Бұнда зерттеуге таңдалған ел туралы бәрін табуға болады – ескерткіштердің фотосуреттеріне бастап ол елдің оқылып жатқан тілде табиғи ресурстары мен өнер жөнінде есепке дейін. Қалаған мемлекетке түсіп, гипермәтін немесе линктер (сілтемелер) көмегімен студенттер ол елдің басты ерекшеліктерімен танысады.
Студенттерге турист немесе гид ретінде саяхат жасауды ұсынуға болады. Олар өздерінің жүктерін жинап, өздерінің клиенттеріне саяхатқа қажетті заттарды алуға ұсыныс бере алады, сонымен қатар авиакомпанияның және қонақүйдің байланыс телефоны арқылы билеттер мен бос орындар туралы ақпарат алу үшін телефон шалып, виза және загранпаспорт алу бланктерін толтыра алады. Жүргізілген жұмыс жөніндегі есеп ретінде студенттерге өздерінің саяхаты туралы фотоальбом немесе күнделік жасауды ұсынуға болады.
Metro Link (Метро http://www.subwavnavigator.com) сайты студенттерге метро арқылы әлемнің үлкен деген қалалары бойынша саяхат жасауға олардың маршрутын зерттеуге қаланың белгілі бір бөілігінен сол жерлерге жету жолдарын білуге мүмкіндік береді.
Электрондық сөздіктер
Электрондық сөздік – бұл ДК-дің жадында сақталатын жүйеленген лексикалық ақпарат (сөздік мәліметтер базасы), сонымен қатар бұл ақпаратты өңдейтін және экран бетіне шығаратын бағдарламалар кешені.
Электрондық сөздік өзіне қызықтырған ақпаратты іздеу, тілдік заңдылықтарды көрсету қызметтерін біріктіреді және де оқу материалын тапсырмалардың арнайы жүйесі арқылы меңгеру мүмкіндігін береді.
Барлық қазіргі таңдағы электрондық сөздіктер дыбысталуды жүзеге асыруға арналған дербес мультимедиалық компьютерлердің дыбыстық құралдарын қолданады.
Онлайндық электрондық сөздіктерді http://www.chat.ru/~english language/diction.htm. сайтынан табуға болады. Мультилекс (ағылшын-орыс, орыс-ағылшын сөздігі, 2 500 000 жоғары сөзден тұрады), Промпт, Webster Dictionary, Onelook Dictionary, Мюллер сөздігі, Alternative English Dictionary, Dictionary of Slang, New, New Words in English, United Kingdom English for American Notice сияқты электрондық сөздіктерді мысалға келтіруге болады.
Жоғарыда көрсетілген электрондық сөздіктердің көмегімен аудару үшін аудару керек сөзді (фраза, сөйлем және т.б.) берілген электрондық сөздіктің диалогтық терезесіне енгізу және оның келесі нұсқауларымен жүру қажет.
Онлайн жүйесіндегі электронды сөздіктерді қолдану бір ғана сөздік бірлікті емес, сонымен қатар бірнеше бірліктен құралғандарды аудару қажеттілігінде ерекше ыңғайлы болып келеді. Ондай оқу әрекетіне мынадай мысалдар келтіруге болады: мәтіннің немесе диалогтың негізгі сөзімен жұмыстанғанда, мәтінді оқуға үйрету барысында тапсырмалар орындағанда. Әрине, Интернет жүйесі арқылы кез-келген сөздікті қолдана алу мүмкіндігі уақыт пен күшті үнемдейді, және де шығармашылық жұмысқа жағдай жасайды. Онлайн жүйесіндегі сөздіктермен жұмыс қаржы жағынан үнемдеуі мүмкін емес. Берілген ғылыми жұмысымызда біз кейбір электрондық сөздіктерге сипаттама бергіміз келеді.
«МультиЛекс 2000» электрондық сөздігінде қазіргі заманға сай электрондық сөздіктіктерге тән мүмкіндіктердің толық жинағы бар – мақалалардың алфавит бойынша қарау, сөздердің толық мәтіндік іздеуі, жиі сұранысқа ие мақалаларға белгі қою, ағымдағы жұмыс сеансының тарихы, ағылшын сөздерінің транскрипциясын шығару және екпін қою (соңғы екі опциясын қалауы бойынша алып тастауға да болады). Қызықты деген ерекшеліктеріне дербес компьютердің қатқыл дискісіне барлық сөздік базаны енгізіп орнатып алуға болатынын және мәтіндегі дербес сөздерді іздеу мүмкіндігін айтып кеткен жөн. Тағы бір артықшылығы бұл қолданушының қаржылық жағын үнемдейді.
«Дыбысталатын оксфордтық сөздік» өзіне ағылшын – орыс және орыс – ағылшын электрондық нұсқасын, сонымен қатар ағылшын сөздерінің сандық дыбыстық базасын кірістіреді. Бұл сөздіктің электрондық нұсқасы (сөздік қатқыл дисікде берілген) мазмұын мен безендірілуіне орай толықтай қағаз бетіндегі аналогына сәйкес келеді, ал ыңғайлығы жағынан одан асып түседі. Сөздікте қолданылған барлық қысқартулар мен абревиатуралар қалқып шығатын түсініктемелерде тышқанның нұсқағышын апарғанда ашылып көрсетіледі. Ағылшын – орыс сөздігінде барлық транскрипциялар мамандандырылған дикторлармен дыбысталған. Оның көмегімен сіз тек сөздің мағынасын ғана емес, тіпті оның дұрыс айтылу нұсқаларын тыңдап, өзіңіздің айту дағдыңызды аудио тренажер арқылы жаттықтырасыз. Сөздік толықтай гипермәтіндік болып келеді, яғни аудару бөіліміндегі кез-келген сөзді басқанда сіз ол сөздің мағынасын анықтап, қайтадан келе аласыз. Сөздікбөлек сөздерді аударуда, сонымен қатар шектелмеген көлемдегі кез-келген мәтінді аударуда қолданыла алады. Бағдарлама мәліметтерді көшіруді жүйелік ауыстыру буфері (Clipboard) арқылы, сонымен қатар ауыстыру әдісімен (drag-and-drop) жүзеге асырылады. Оның қосымша мүмкіндіктеріне Блокнот жатады. Онымен сөздіктен кез-келген сөздерді жазып қоюға және оны пайдалануға болады. Одан басқа бұл сөздер жинағын дұрыс жазуды жаттықтыруға Тирға жіберуге болады немесе бөлек файл түрінде сөздікте сақтап қоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет