Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет13/24
Дата21.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#144386
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
ДР нов файл

Жазуға оқыту.
Виртуалды шындық аясында қарым-қатынас жасау электронды почта көмегімен жүзеге асырылады. Ал ол мәдениетаралық құзыретті меңгеру үшін келесі жолмен қолдануы мүмкін:
Достық хат алмасу қатынастарын орнату.
Халықаралық хат алмасу тіл меңгерудің әртүрлі деңгейінде жүзеге асыруға болады. Меңгеріліп жатқан тілді мақсатты түрде қолдану, достық қатынастар орнату және осы арқылы мәдениетті зерттеуден басқа электрондық хат алмасу қағаз жүзіндегі хат алмасуға қарағанда өзіндік артықшылықтары бар: олар едәуір тезірек, ыңғайлы және арзан.
Хат алмасуда өзінің әріптестерін табу студенттер үшін мына жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
1. TESL-L (computer-assisted language learning sub-branch listserv@cunvvm.cunv.edu/listscrv@cunyvm.bitnet) немесе TESLK-12 (listscrvfojcunyvrn.cuny.edu) қажетті сұраныс жіберу;
2. Мәдениетаралық байланыстардың лист-серверіне сұраныс жіберу (әртүрлі мақсатта, мысалы: бірлескен жобаларды орындау үшін, өзекті мәселелерді талқылау үшін, толық топтармен дискуссиялар жасау үшін, хат алмасу қатынасын орнатуды ұсынатын Intercultural E-Mail Classroom Connections);
3. E-mail for ESL/L1NC Students http://edvista.com/clairc/linc.htm веб-бетіне кіру. Бұл веб-бет e-mail қолдануда көмек пен инструкциялар, электронды почтаға толық қол жетімділік ұсынады, хат алмасудағы достарды табуға көмектеседі, жұптық және топтық жобаларда қатысуды ұсынады, және де одан басқа көптеген пайдалы ресурстарға деген сілтемелерді ұсынады.
Бұндай әрекеттен оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмыстану кезінде пайда болуы мүмкін кейбір мәселелерді шешуде тоқталу керек.
Оқу үрдісіне e-mail енгізген оқытушылар хат алмасу мәтінінің мазмұнының жеткілікті деңгейде терең еместігін атап көрсетеді. Бастапқы қызығушылық өте тез кетіп қалады, және де студенттер не жазарын білмей кейбір қиындықтарға жолығады. Олардың көңілдерінің қалуын болдырмас үшін міндетті түрде жұмыстың бұл түрін жалпы оқу жоспарымен ара қатынасын белгілеп, оның өз бетімен кетуіне жол бермеу керек. Мысалы, студенттерге хат алмасудағы достарынан белгілі бір тақырып бойынша сұрастырып, алынған ақпарат негізінде топта баяндама жасауды ұсынуға болады.
Барлық жазылған хаттарға жауап келе бермейді, оның әсері студенттердің қызығушылығының басылып қалуына алып келеді. Бұндай жағдай болмас үшін студенттерге бірнеше достарымен қарым-қатынас жасауға ұсынуға болады (сол топта немесе басқа топта, басқа қалада немесе тіпті басқа елдегі).
Шет тілін оқыту үрдісінде электронды поштаны қолдану тәжірибесін саралай келе Марк Варшауэр және тағы да басқа оқытушылар келесі қорытындыға келді:

  1. Көбіне шағын топқа жұмыстануға көп көңіл бөлінеді, бұл жағдайда оқытушының жағынан қатаң бақылау болмайды. Ең жақсы нәтижелер студенттердің талқылауға тақырып таңдау мүмкіндігін ескеру арқылы алынады, бірақ оқытушының әр айтқан бағдары мен топ мүшелерінің пікірімен санасу керек.

  2. Электрондық коммуникация – формадан мазмұнға, яғни қарым-қатына пен еркін ой жағына қарай ауысу үрдісі жүзеге асырылатын, керемет тілдік тәжірибе. Шынайы халықтың болуы жазу сапасының жоғарылауын қамтамасыз етеді. Студенттердің тілі бейнелі, мәнерлі болып келеді, қарапайым хабарлау және сипаттама жанрына аргументация қосылады.

  3. Жазу үрдісі өзгереді – көп уақыт жұмысты өзгерту мен қателерін түзетуге кетеді, соның өзінде студенттердің монологтарын құру өзінің жұбынан кеңес немесе пікірін сұрауға негізделген – бұндай жұмыс интерактивтілік қағидасының бейнесі.

  4. Е-mail қолдану тіл меңгеру үрдісінің өзіне деген қызығушылығын арттырады. Телекоммуникациялар арқылы қол жеткізілген формальды тілдік тәжірибеден басқа мәдениетаралық құзыреттің дамуын да жоққа шығаруға болмайды.

Тіпті, қазіргі таңда Интернет ресурстары,соның ішінде e-mail – ең шынайы қарым-қатынас жасау жағдайында кросс мәдениеттің сауаттылықты меңгерудің тиімді және қол жетімді тәсіл деп айтуымызға болады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, тиімділікті арттыру үшін e-mail қолдану мақсатты түрде жүзеге асырылуы тиіс. Тапсырмалар жинағы мынадай түрде болуы мүмкін:

  • Хат алмасудағы достарды әртүрлі сайттарда іздеу салу туралы хабарлама енгізу;

  • өзіңіз туралы ақпарат жазыңыз;

  • бірнеше хабарлама жіберіңіз, мысалы, аптасына 2-3;

  • жауап алу үшін хабарлама соңында өзіңізді қызықтыратын сұрақтар қойыңыз;

  • өз хабарламаңызға үш жауаптан кем емесін қабылдаңыз;

  • орындалған жұмысқа қатысты толық есеп беріңіз: не істедіңіз, бұдан не шықты, қандай жаңа нәрсені білдіңіз, тапсырманы қалай бағалайсыз. Есепке өзіңіздің хаттарыңыз бен оларға берген жауаптарыңызды енгізіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет