Бірлескен оқу жобаларын жасау Студенттер жай ғана өздерінің әлемнің әр шетіндегі әріптестерімен ақпарат алмасын қоймай, сонымен қатар біріге отырып белгілі бір жобада жұмыстана алады: тақырып таңдалады, зерттеу жұмысының әдістері жасалады, өзіндік стенд жасалынады, бұнда алынған нәтижелер жазылады. Жоба тақырыбын лист-серверде біреумен ұсынылғандардың ішінен таңдауға болады немесе өзінің тақырыбыңды ұсынып, оған берілген пікірлерді күтуге де болады. Email Project Home Page веб-беті зерттеу жұмысы үшін келесі мәселелерді ұсынады: есірткі, стресс, тамақтану, билік, адам тұлғасына жарнамалық хабарландырулардың әсері, денсаулық, әртүрлі аймақтардағы тауар құнын салыстыру, халықтық медицина және т.б.
Коммуникативті тәсілде Интернет жүйесін қолдану жоғары деңгейде ынталандырылған: оның мақсаты шет тілін оқуда студенттердің олардың білімдері мен тәжірибелерін жинақтау мен кеңейту арқылы қызықтыру болып табылады. Студенттер сабақтан тыс жағдайда шынайы коммуникация кезінде тілді қолдануға дайын болуы тиіс, мысалы, оқылып жатқан тілдің еліне барғанда, үйде шетелдік қонақтарды қарсы алғанда, хат алмасу кезінде, оқылып жатқан тіл еліндегі оқу орындарымен немесе студенттермен аудио және видеокассеталармен, тапсырма нәтижелермен және т.б алмасқанда.
Бұл жағдайда коммуникативтілік термині тар мағынада емес, нақты прагматикалық негізде түсінілуі тиіс. Осы жерде И.Л.Бимнің пікірімен келіспеу мүмкін емес. Оның пікірінше коммуникативтілік тек әлеуметтік контакттарды орнату мен туристтік тілді меңгеруде ғана шектеліп қалған жоқ. Бұл тұлғаның басқа мәдениеттің рухани құндылықтарын жеке қарым-қатынас пен оқу арқылы қарым-қатынасқа түсуі. Бұл Интернет жүйесінде жүзеге асырылатын әдіс студенттерді оларды қызықтыратын тақырыптарға зейін қою мен мәтіндерді және де бағдарламалардың мақсатына қол жеткізуге арналған тапсырмалар таңдау мүмкіндігін ұсынумен тартады.
Студенттердің коммуникативтік қабілеті Интернет арқылы олардың маңызды, шынайы, мән-мағынасы бар және қол жетімді міндеттердің кең ортасына тартумен дамиды. Берілген міндеттерді сәтті орындаудың өзі бұл жағдайда қанағат сезімін береді және өзіне деген сенімділігін арттырады.
Тілге Интернет жүйесі арқылы коммуникативтік оқыту студенттердің қабілеттерінің дамуы мен олардың орнымен оқылып жатқан шет тілін белсенді түрде қарым-қатынас жасау мақсатында қолданудағы ықыласының маңызын ерекше бөліп көрсетеді.
Бастапқы көңіл түсінуге, мазмұнын беру мен басты ойды білдіруге бөлінеді, ал құрылым мен шет тілінің сөздігі зерттеу осы мақсатқа қызмет етеді. Бұған қоса коммуникативті қажеттіліктерге студенттерге өзінің оқуына жауаптылығын арттыру үшін Интернет жүйесімен жұмыс жасау әдістемесін меңгерулері қажет. Олардың тілдік ресурстары жеткіліксіз болған жағдайда қалыптасқан жағдайды дұрыс орнықтыру қабілетін дамытулары қажет; жақсы оқу дағдылары болғаны жөн; өзінің сөйлеу дағдысын бағалау қабілеті, сонымен қатар оқу барысында пайда болатын мәселелерді анықтап шеше білу қабілетін дамытулары тиіс. Жаһандық тор көмегімен өз бетінше жұмыс жасау қабілетін дамыту әлсін-әлсін марапаттауды қажет ететін бірте-бірте жүретін үрдісті білдіреді. Оқытушының алдында тұрған басты міндеттер олардың бірте-бірте артатын өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамытуға студенттерді алып келетін оңтайлы әдістерді табу болып табылады.
Интернет жүйесіндегі коммуникативтілікті қалыптастыру уақытты талап етеді. Бұл жағдайда студенттерді тартатын әлеуметтік-психологиялық атмосфераны; студенттердің бойындағы оны тұлға ретінде өзіндік қалыптасқан пікірі мен қызығушылықтары, күшті және әлсіз жақтары, сонымен қатар өзіне ыңғайлы деген оқу стилімен бірге сыйлайды деген сенімділігін сақтап отыруы қажет. Бұл орта Интернет арқылы шет тілін оқу әлеуметтік-шартталған тәжірибе болып табылатын өзара жәрдемдесу рухымен сипатталады.
Ағылшын тілі білімін дамытатын сайттар Сөзсіз Интернет грамматикалық, лексикалық дағдылар мен қабілеттерді, білім тексеруді дамытуға арналған тиімді бағдарлама ретінде қолданылады. Бұған барлық түрдегі жаттықтырушы лексикалық, фонетикалық тапсырмалар, оқуға, грамматикаға арналған тесттер, IQ-тесттер жатады. Оқытушылар немесе студенттердің өздері де бұндай сайттарды таба алады.
Интернет жүйесінің ресурстарын қолданудағы басты артықшылығы мәдениетаралық құзыретті дамыту, яғни басқ мәдениетпен танысу, олардың өзара әрекеттесу мен кірігу жолдарын анықтау, бір-бірін өзара түсінісу мен қарым-қатынас кезінде жемісті ынтымақтастыққа қол жеткізуге қажетті мәдени универсалийлерді қалыптастыру болып табылады.
Әртүрлі бағыттағы ақпараттарды ұсынатын көптеген сайттар мен веб-беттері бар World Wide Web мәдениет аралық құзыретті қалыптастыруға арналған шет тілі сабағында қолдану аясындағы әрекеттердің шексіз кеңістігі болып табылады.