Зерттеу жұмысының өзектілігі


Оқыту үрдісінде Microsoft Word, Power Point, Microsoft Excel қолданбалы бағдарламалар пакетін қолдану тәжірибесі



бет6/24
Дата21.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#144386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ДР нов файл

4. Оқыту үрдісінде Microsoft Word, Power Point, Microsoft Excel қолданбалы бағдарламалар пакетін қолдану тәжірибесі
Білім берудің жаңа мазмұны жағдайында сабақ үрдісінде компьютерді қолдану ойлау әрекетін, өз бетінше жұмыстану дағдыларын, интеллектуалдық және қайратты сапаларды дамыту сияқты мақсаттарды жүзеге асыруда қызмет етеді.
Студенттер аз уақыт ішінде көмек пен анықтама алу мүмкіндігін иелене отырып, кітаптар, сөздіктер мен басқа да баспа басылымдарынан қосымша ақпараттарды іздеуге алаңдамай-ақ, бір-бірімен кедергі жасамай оқытушыны мазалаймай-ақ компьютерді қолдана алады. Бірақ бұл үшін оқытушыға сабақтың әр кезеңін, қойылған мақсаттар мен оған қол жеткізу әдістерін тиянақты түрде ойластыруы қажет.
Сабақты жоғары деңгейде ақпараттық және көрнекі ету үшін оқытушы кейбір қолданбалы бағдарламаларды білгені жөн. Өйткені, қазіргі таңда дайын мультимедиялық қосымшалары бар оқыту әдістемелік кешендер жоқ болып келеді, сондықтан оқытушының сабақтың жетіспей тұрған элементтерін өзіне құруға тура келеді. Бұл жағдайда компьютер келесі міндеттерді орындауы тиіс:
1. Компьютер дағдылар мен қабілеттерді қалыптастыру үрдісіндегі тренажер ретінде. Бұл мақсатта сабақта мыналар қолданылады:
Microsoft Word бағдарламасы – меңгерген сөздердің дұрыс жазылуын тексеру үшін, сөйлемдердің трансформациясы, теорияны меңгеру мен жаттығу тапсырмаларын орындау үшін.
Microsoft Power Point бағдарламасы – осы бағдарламаның құралдарын қолдана отырып, жаңа лексика мен грамматика енгізгенде жақсы жаттығулар құрастыруға болады. Мысалы: презентация (лексика және грамматика) + жаттығулар жиыны (дұрыс/дұрыс емес бақылау бағасымен) + дыбысталу + бақылау тест немесе тапсырма.
Microsoft Excel бағдарламасы – бұл бағдарламаның құралдарымен тест қорытындысын, қателер санын шығарып беретін, қате жазылған сөйлемдерге қайтып баруға мүмкіндік беретін ұқсас тапсырмалар жасауға болады.
2. Компьютер белсенді оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру құралы ретінде:
Microsoft Power Point бағдарламасы – біздің ойымызша, бағдарламалау тілін білмейтіндер үшін ең тиімді әрі қарапайым бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарламаның көмегімен ағылшын тілі сабағында елтану сипатындағы материалдарды көрсетуге, жаңа лексиканы, грамматикалық ережелерді енгізуге, тыңдау үшін материалдар жасауға және т.б. жасауға болады.
Microsoft Excel бағдарламасыдиаграмма, гравиктер мен қарапайым кестелерді көрсеткенде қолданылады.
3. Компьютер — білім алуға арналған ақпарат көзі ретінде:
Microsoft Word бағдарламасы — ағылшын тіліндегі мәтіндермен таныстыруда, талқылау мен пікірталасқа қажетті ақпараттарды көрсетуде қолданылады.
Microsoft Excel бағдарламасы — сараптау мен қорытынды жасауға арналған түрлі графиктер мен диаграммаларды көрсетуде қолданылады.
Microsoft Power Point бағдарламасы — жаңа материалмен таныстырғанда қолданылады. Еске сақтаудың барлық жолдарына әсер ете отырып, ақпаратты осы жолмен беру өте тиімді болып келеді.
4. Компьютер — бақылау мен өзін-өзі бақылау әрекеттерін ұйымдастыруға көмектесетін құрал ретінде:

  • Microsoft Excel, Microsoft Word сияқты қолданбалы бағдарламалардың көмегімен түрлі лексикалық және грамматикалық тесттер (деңгей бойынша, ашық/жабық түрдегі), карточкалар, сөздері түсіп қалған тесттер және т.б. жасауға болады.

  • Microsoft Excel, Microsoft Word құралдары арқылы бақылау жұмыстарын дұрыс және қате жауаптарының диагностикасымен, қате жауап санымен және т.б. жасауға болады.

  • Microsoft Power Point құралдары арқылы тыңдау әрекеті мен тыңдалған мәтінді түсінгенін тексеруге арналған тесттер жасауға болады.

  • Microsoft Excel, Microsoft Word сияқты қолданбалы бағдарламалары арқылы студенттердің рефлексиясын жүргізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет