Зерттеу жұмысының өзектілігі


Мультимедиялық лингафондық бөлмелердің мүмкіндіктері



бет4/24
Дата21.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#144386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ДР нов файл

1. Мультимедиялық лингафондық бөлмелердің мүмкіндіктері.
Қазіргі таңда гуманитарлық оқу орындар қазір заман талабына сай мультимедиялық лингафонды бөлмелермен жабдықталып жатыр.
Лингафонды бөлме – ауызекі сөйлеу қабілетін дамытуға көмектесетін дыбыстық техникалық құрылғылары бар арнайы оқу бөлмесі. Бұндай бөлмелерді қолдану оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға, студенттердің берілген материалды меңгеру деңгейін анықтауға, оқу материалын оқу мен бекітуге уақыт кетіруді азайтуға мүмкіндік береді.
Тыңдауға арналған бағдарламалар студенттердің тыңдау арқылы өзге тілді түсіну қабілетін берілген пәнді терең меңгере отырып дамытады. Өз бетімен жұмыстану оқу үрдісінің жекешеленіп, түрленуін қамтамасыз етеді, оқуға деген қолайлы жағдай жасайды.
Мультимедиялық бөлме сабақтарды сапалы жаңа деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Оқу материалының визуалды түрде түрленуі оның қызықты әрі дәлелді етеді. Компьютерлік презентациялар студенттердің зейінін берілген ақпараттың маңызды жерлеріне шоғырландырып, тиімді көрнекі бейнелерді иллюстрация, схема, диаграмма, графикалық композициялар және т.б. түрінде жасауды қамтамасыз етеді.
Кейбір мынадай бағдарламалармен жұмыс түрлерін жүзеге асыруға болады: Microsoft Word, Microsoft Excel, Power Point, слайдтар жасау, презентациялар, мультимедиялық проектор мен электронды интерактивті тақтаны қолдану, Internet жүйесінде іздеулер жүргізу.
Қазіргі таңда көптеген мультимедиялық бөлмелерде сингапурлық бағдарламалар енгізілген: MERiTS — Интерактивті электронды оқыту бағдарламасы, CRMS — сабақ кестесін құруға, студенттердің жұппен немесе шағын топпен жұмыстануына мүмкіндік беретін оқыту үрдісін басқару жүйесі, MERiTS LMS — оқыту үрдісін автоматтандыратын ықпалды құралдардың толық жинағын қамтамасыз ететін, оқу үрдісінің мазмұнын дамытатын басқару жүйесі.
LMS мазмұны РЦИО-мен қазақстандық білім стандарттарына сай құрылған. Қазақстандық және сингапурлық мамандар жалпы алғанда 210 сағаттық үш тілдік, яғни ағылшын, қазақ және орыс тіліндегі оқыту бағдарламасын өңдеп шығарды. Аталмыш жоба – біздің мемлекетіміздегі көптілді білімді дамыту болып табылатын мемлекеттік міндетін жүзеге асырудың қажетті шараларының бірі.
MERiTS жүйесі тек әртүрлі тілдерді оқытып қана қоймай, сонымен қатар олар арқылы бірқатар пәндерді оқытуға мүмкіндік береді. Бұл жүйе пәнаралық интеграцияға жаңа білім мазмұнында өзекті болып келетін зор мүмкіндіктер ашады.
Бұл бағдарламаның құрамына тілдік сабақтар, тесттер, сұрақтар жиыны мен ойын модулі, сонымен қатар мұғалімдерге арналған ресурстар базасы кірістірілген. Бұл бағдардаманы қолдану студенттерге ауызекі тілдің дамуына септігін тигізетін жаттығулардың зор спектрі арқылы тілдік ортаға енуін қамтамасыз етеді. Бағдарламада студенттердің білім мен дағдыларын бақылаудың көптеген формалары көрсетілген, оның негізінде студентті компьютердің өзі бағалайды, ал оның әділдігіне еш күмән болмайды.
Ағылшын тіліндегі елтанушылық материалдардың көптігі оқытушыларға арнайы бағытталған курстарды жасау мен өңдеуге көмектеседі. Ал бағдарламаның дизайны студенттердің эстетикалық талғамының дамуына, бағдарламаның мазмұнының қызықты әрі тартымды болуына жағдай жасайды.
Виртуалды кеңістікке ену – студенттердің әлеуметтік мәдени құзыреттің дамуының тиімді тәсілі. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы шет тілін оқытуда қызметтік тәсіл студенттердің өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға, қолайлы интерактивті оқу ортасын жасауға септігін тигізеді, студенттердің ынтасы мен белсенділігін арттырады, оқытуды белсендіреді, өз бетімен жұмыстануға жағдай жасайды.
Ағылшын тілін оқытуда студенттер меңгеріліп жатқан тіл елінің тарихы, географиясы, мәдениеті, сааясаты, әдебиетімен танысады. Бұл бағытта студенттердің алдына қойылған мақсаттарды қысқа уақыт ішінде орындауға мүмкіндік беретін оқытудың техникалық құралдары мен әдістерді іздеу мен өңдеу жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет