Зерттеу жұмысының өзектілігі


Зерттеу жұмысының мақсаты



бет2/24
Дата21.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#144386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ДР нов файл

Зерттеу жұмысының мақсаты – компьютерлік технологияларды қолдану арқылы шет тіліне үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін) жоғарылату.
Аталған міндетке жету үшін келесідей тапсырмалар қойылды:
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын суреттеу;
2. Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде сөйлеуге, түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктерін көрсету;
3. Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялар арқылы диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын ұсыну.
Зерттеу объектісі – ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі арқылы, шет тілін үйретудің әдісі.
Зерттеу құралы – шет тілін үйрету процесіндегі мультимедия мен видеофильмдер.
Зерттеу процесінде келесідей әдістер қолданылды: шет тілдерін оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; ақпараттық технологиялар бағдарламасының мүмкіндіктерін тану; танып, білген мәліметтерді эксперименттік зерттеу жүргізу мақсатында педагогикалық практикада қолдану.
Зерттеудегі ғылыми жаңалық:
«Шет тілін үйретудегі ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін айқындау»;
«Білім беру процесінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдаудың тиімділігін көтеретін, шет тілін үйренуде компьютерлік технологияларға үйрету әдістерінің жаңа нұсқаларын жасау».
Зерттеу жұмысының теоретикалық маңыздылығы:
Жаңа технологиялардың көмегімен шет тілін үйретудің тиімді жүзеге асырылу мүмкіндіктерін айқындау.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялардың көмегімен шет тілін тиімді үйрену үшін жасалған әдіс, сөйлеуге үйрету процессінің тиімділігін арттырады, әрі студенттің ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді;
Объект: Ағылшын тілін үйретудегі жаңа ақпараттық әдістемелері. Тақырыбы: Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларлы қолдану ерекшелігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет