5. Қашықтан оқыту Соңғы кездері әлемнің көптеген елдерінде жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту мақсатында компьютерлік телекоммуникациялық технологияларды кеңінен қолдана бастады. Компьютерлік телекоммуникациялар негізіндегі қашықтан оқыту әдісі мынадай мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
Қандай да болмасын көлем мен түрдегі (виузалды және дыбыстық, статикалық және динамикалық, мәтіндік және графикалық) ақпараттарды түрлі қашықтыққа тікелей жөнелтуді;
Оқылып жатқан курсты оқытушымен немесе басқа да курсқа қатысушылармен оқу мақсатына арнайы жасалған мультимедиялық ақпараттар мен тікелей кері байланыс көмегімен жүретін интерактивтілікті;
Ақпарат көздерінің барлық түріне қол жеткізуді, соның ішінде белгілі мәліметтер базасына, Internet жүйесі арқылы бүкіл әлем бойынша көптеген конференцияларға, берілген ақпаратпен жұмысқа;
Біздің облысымыздағы қашықтан оқыту әдісін қолданудағы алғашқы қадамдарының бірі бұл жыл сайынғы көптілді олимпиада болып табылады. Бұл олимпиаданың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының азаматының көпмәдениетті тұлғасын қалыптастыруда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру және оқу үрдісіне ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу.
Қашықтан ұйымдастырылған олимпиадалардың басты міндеттерінің бірі - «Okynet.kz» ақпараттық оқу жүйесі арқылы «Білім Порталын» қолдана отырып, облыстан қатысатын студенттердің санын арттыру болып табылады.
Осы секілді шараларды жүргізу жоғары деңгейдегі оқытушыдан ақпараттық құзыреттілікті талап етеді. Оқыту және тәрбие беру үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдануға жеткіліксіз дайындығы олимпиадаға дайындық кезінде аластатылады. Сонымен, ағылшын тілінің оқытушысы үшін осы жылы «Мультимедиялық бөлмелердің мүмкіндіктерін қолдану арқылы ағылшын тілін оқыту үрдісін белсендіру» тақырыбында үш курс жүргізілді.
Ағылшын тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру тәжірибесіне жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу қайтадан дайындаудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылады.