Зерттеу жұмысының өзектілігі


Ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық технологиялар



бет8/24
Дата21.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#144386
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
ДР нов файл

1.2 Ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық технологиялар

Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдар тек ғылыми зерттеулер мен əр түрлі əлеуметтік, экономикалық жəне саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиялар мен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді. «Ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялардың қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен пайдалану кезеңінде білім мекемелері негізінде білікті мамандардан, ақпараттық құралдар кешенінен, құжаттар айналымынан, мəліметтер базасынан жəне басқа да ақпараттық қамтамасыз ету элементтерінен тұратын біртұтас жүйе құру қажеттілігі туындайды. Осындай жүйе құру кезінде, бір жағынан, ол уақыт барысында тұрақты өзгеріп отыратын объект екенін, екінші жағынан, мұндай жүйе білім мекемесінің барлық жұмыс түрлерін (оқу үрдісі, басқару, ғылыми, зерттеу) сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатынын есепке алып отыру керек»[7; 35].


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті жəне бəсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру жəне кəсіби міндеттерін дербес əрі шығармашылық, тұрғыдан шешуге, кəсіби қызметтің тұлғалық жəне қоғамдық маңызын түсінуге, оның нəтижелері үшін жауап беруге қабілетті кəсіби құзыретті жеке тұлғаны, бəсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады...» деп атап көрсетілген[15].
Қазақстан Республикасында білім жүйесін реформалауда, оны ұлттық модель құруға бағыттау барысында парадигмалардың ауысуы орындалады. Жоғары мектептердің əлемдік білім кеңістігіне ену процесі педагогикалық технологияның жаңару қажеттілігін тудырады. Интеграциялық процестердің интенсивті дамуы, кəсіби жəне академиялық тəжірибелердің өсуі оқыту əдістерінің тиімділігін арттырады.
Соңғы жылдары оқу ағарту жүйесінде жаңа ақпараттық технологияны қолдану мəселесі жиі көтеріліп жүр. Бұл тек ғана жаңа техникалық құралдарды ғана қолдану емес, сонымен қатар оқыту үрдісінде жаңа формалар мен оқытудың жаңа интерактивті əдістерін қолдану деген сөз. Жоғары білім берудің қазіргі жүйесі ақпараттық технологияларды жəне компьютерлік телекоммуникацияларды өте белсенді қолдануда. Қазіргі жаһандану заманында Интернет жүйесінің пайда болуымен байланысты қашықтықтан білім беру жүйесі динамикалық түрде дамуда, ол өз кезегінде білім беру мекемелерінің қуатты компьютерлік технологиялармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Оқытудың компьютерлік технологиясы дегеніміз — оқушыға компьютердің көмегімен ақпаратты даярлау жəне беру процесі. Компьютерлік технологияға оқытудың əр түрлі əдістерін енгізуге болады: программалық оқыту, интеллектуалдық (проблемалық) оқыту, эксперттік жүйелер жəне т.с.с.[26; 29].
Жаңа компьютерлік технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері (дыбысты қосу-өшіру, жауапты дискіге микрофон арқылы жазу, эталонмен салыстыру, мəтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыту, СD негізінде мультимедиалық құралдар арқылы мəтінді, дыбысты, графиканы, мультипликация мен бейнені біріктіру жəне т.б.) мəдениаралық қатынастардың тиімділігін анағұрлым артырары сөзсіз.
2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту концепциясын жүзеге асыру аясында білім берудің ұлттық жүйесін реформалау жəне оның жаңа шарттарда әлемдік білім беру кеңістігінде интеграциялануы Қазақстан оқу мекемелерінің оқыту процесіне жаңа инновациялық білім беру технологияларын енгізуге негіз болады[16].
Бүкіл əлемде болып жатқан құрылымдық өзгерістер білім беруді ұсынудың дəстүрлі жүйесін трансформациялаудың катализаторы болып табылады. Білім беру жүйесі қызметінде инновациялық педагогикалық əдістемелердің пайда болуымен бірге ақпараттық, компьютерлік технологиялардың қолданылуын да белсенді түрде ақсаңдатып отырған мемлекеттік емес білім беру мекемелері көптеп пайда болуда.
Көрсетілген мəселелер ТМД елдерінің жоғары мектептеріндегі сияқты ҚР-сы үшін де тəн болып келеді.
Білім берудің дəстүрлі моделінің балама формаларының бірі қашықтықтан оқыту технологиясы болып табылады. Бұл оқыту технологиясы Қазақстан Республикасының географиялық жағдайында - алыста орналасқан жергілікті пунктердегі білім беру мəселесін шешу жолында ерекше маңызға ие.
Осыған байланысты қашықтықтан оқытудың негізгі мақсаты - азаматтардың өздері тұрып жатқан жерлерінде жəне кəсіби қызметінде ешқайда бармай кез келген деңгейдегі білім алу құқығын қамтамасыз ету.
Қашықтықтан оқыту — ақпараттық-коммуникациялық технологиялық құралдар жəне негізделген тəсілдер арқылы білім алу формасы. Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту формасы өте кең тараған, ол əсіресе жоғары оқу орындарында, сырттай оқу жүйесінде қосымша роль атқарып келеді.
Оқытудың бұл формасы күндізгі жəне басқа сырттан оқыту формасына қарағанда ең тиімді форма екені бұрыннан белгілі, өйткені кез келген адам аз шығын шығарып өзінің біліктілігін жоғарылатып, кəсіби мамандық ала алады. Қашықтықтан оқыту əдісінде студенттердің өз беттерімен жұмыс жасау белсенділіктері жоғары болуы қажет, өйткені олар білімді жаңа ақпарат технологиялар мен телекоммуникациялар жүйелері, электронды пошта, теледидар жəне Интернет жүйелері арқылы алады.
Жоғары білім беру жүйесінде енгізілуіне жəне қалыптасуына қазақстандық жоғары оқу орындары (жоо) белсене қатысып отырған қашықтықтан оқытудың бүгінгі таңдағы қалыптасып келе жатқан моделі сырттан оқудың бір түрі, нақтырақ айтқанда, тек қана компьютерлік телекоммуникацияны қолданатын сыртай оқытудың формасы болып табылады. Қашықтықтан оқыту курсының мұндай моделдерінде өз бетімен оқуы үшін жекелеп немесе тұтасымен қолдануға жіберілетін дəрістер жиынтығы ұсынылады.
Оқу материалын алған соң, қолданушы (студент) онымен үйінде, жұмыс орнында немесе компьютерлік сыныпта жұмыс жасайды. Сонымен бірге қолданушының жеке қабілеттері жəне қажеттіліктері ескеріледі. Ол оқу курсын кез келген режимде, тез немесе баяу орындай алады. Осындай курстар студенттердің орындайтын тапсырмаларды электронды пошта бойынша мезгілімен жіберуді, кейін оқытушы-куратор оны рецензиялап (пікірін білдіріп), студентке ескертулер жəне нұсқаулар жасап қайтаруды қарастырады.
Қашықтықтан оқытуды енгізудің негізгі артықшылықтары қандай? Қарым-қатынас немесе оқу білім алу үшін қолайлы құралдармен қамтамасыздандырылуы: топтық жұмыстар үшін үлкен мүмкіндіктердің болуы; оқытушымен тікелей байланыста болу; студенттердің берілген білім базасына еркін кіру мүмкіндігі, кітапханалық каталогтар жəне басқа да ресурстарға қол жеткізулері; үй тапсырмаларын жылдам алуы жəне қайта жіберу мүмкіндігі; тікілей режимде тестілеуді өткізу мүмкіндігі жəне т.б көптеген мүмкіндіктер қашықтықтан оқыту формасында беріледі[5].
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да оқыту үрдісінде əр түрлі фирма өңдірушілерінің программалық өнімдері енгізілуде, сонымен бірге жоғары білікті мамандарды даярлауға ықпал ететін жəне кең қолданысқа ие өз өнімдерін, яғни, университет ұстаздары дайындаған курстық кейстер, электронды оқу құралдары, оқыту бағдарламалары енгізілуде жəне олар өз кезегінде нарық шарттары талаптарына сəйкес келеді.
Қашықтан оқыту қағидаларын жүзеге асыра отырып, ҚарМУ-дың ПОҚ-ы оқытудың күндізгі жəне сыртқы оқыту формалары қағидаларын саналы үйлестіре білуде. Сандық жəне аналогтық формаларда ұсынылатын бірегей курстық кейстағы оқу-əдістемелік материалдар арнайы өңделуде.
Курстық кейс студенттерге оқу курсын өзіндік оқуға мүмкіндік береді, жəне ол бақылау сұрақтарынан, тесттік тапсырмалардан жəне оқытылатын пəн бойынша əдістемелік нұсқаудан тұрады[31].
Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақты өткізудің жаңа, өте пайдалы мүмкіндігін - оқытудың қашықтық формасын енгізуді ұсынады. Ол, біріншіден, білім алушының оқытуды өткізу уақытын жəне орнын таңдауға мүмкіндік береді, екіншіден, белгілі бір себептерге байланысты дəстүрлі білім алу мүмкіндігінен айрылған тұлғаларға білім алу мүмкіндігін береді, үшіншіден, оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданады, төртіншіден, белгілі бір көлемде оқуға кететін шығынды азайтады.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары: а) компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыларға жылдам жеткізеді; ə) телеконференциялар арқылы нақты уақыт режимінде студенттердің мұғаліммен сұқбаттасуын ұйымдастыра алатын виртуалды сынып жасау мүмкіндігі туады; б) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың барлық қуатын оқытуға да, əрі студенттермен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады.
Қашықтықтықтан оқыту оқу үрдісінде студенттердің шығармашылық дағдыларының қалыптасуына, біліктілігін жетілдіруіне, талмай ізденуіне үлкен қозғаушы күш болып табылады. Себебі Web-сайт арқылы оқытушы дүниежүзілік əдістемелік жүйелермен танысады. Қашықтықтан оқыту — білім ордасынан қашық тұратын студент жастардың оқу-танымдық іс-əрекеттерін ұйымдастыру технологиясы. Қашықтықтан оқыту оқытушы мен студенттің педагогикалық қарым-қатынастарының құралдары мен əдістері көмегімен жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқытуда əр түрлі субъектілер қатысады. Қашықтықтан оқытатын педагог — негізгі оқытушы технологиялық нұсқау беруші, қашықтықтан оқытудың үйлестірушісі, оқу материалдарының əзірлеуші автор. Аталған қызметтік рольдерді бір ғана маман қатарынан атқара алады, қашықтықтан оқытушы педагог бір мезгілде курстық əзірлеушісі де бола алады.
Қашықтықтан оқыту арқылы мынадай əлеуметтік маңызды функцияларды іске асыруға болады:

  • халықтың қоғамдық білімдік деңгейін көтеру, білімнің сапасын көтеру;

  • мемлекеттің сапалы мамандар дайындау қажеттілігін қанағаттандыру;

  • халықтың əлеуметтік жəне кəсіптік жағдайын көтеру, кəсіпкерлерді əлеуметтік түрде белсендіру, өзіндік білім деңгейін көтеру;

  • жеке мектептерде жинақталған білімдерді сараптау жəне кеңейту.

Қашықтықтан білім беру негізінен компьютерлік техниканы кеңінен пайдалана отырып, білім беру жүйесін ақпараттандыру ісіне негізделген.
Интернеттегі барлық жұмыс технологиялары сияқты қашықтықтан білім берудің басты артықшылығы шет тілін оқытудың вербалды əдістерін іздену əдістеріне, шығармашылық іс-əрекетке араластыру болып табылады. Қашықтықтан оқыту курстары жоо-ға түсушілер үшін оқулықтарды жəне көмекші құралдарды ауыстырмауы қажет, олар, біздің көзқарасымызша, білім алушылардың оқу-танымдық іс-əрекетін ұйымдастыруы үшін негізді қалыптастыруы тиіс.
Интернет арқылы шет тілдерін қашықтықтан оқытудың негізгі əдістемелік проблемасы шет тілдерін оқытудың практикалық курс əдістерін өңдеуге жалпы тəсілдің жоқ болуы болып табылады.
Соның өзінде барлық əдістемелік қағидалардың əрекеттілігін анықтайтын оқытудың басты шарттарының бірі оқытушының біліктілігі болып табылады. Оқытудың құралы қандай болмасын, олар тек құрал болып қалады. Оқыту процесінде басты роль əрқашанда оқытушыға берілген жəне беріле бермек. Оқытушы оқытудың барлық процесін бағыттайтын жəне құратын да өзі, оқыту процесінің жетістікке жетуі де оқытушының біліктілігі жəне педагогикалық шеберлігіне байланысты, өйткені мəшине қандай «ақылды» болмасын, оны адам басқарады.
Əдетте, оқытудың қашықтық формасында электронды оқулықтар қолданылады. Біздің көзқарасымызша, мұндай оқулықтардың басты жетістігі: біріншіден, олардың мобильділігі, екіншіден, компьютерлік желілердің дамуымен байланысқа қол жетерлік мүмкіндіктің болуы, үшіншіден заманға сай ғылыми білімнің даму деңгейінің адекваттылығы. Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайда болуы ақпараттық материалдарды тұрақты түрде жаңартып отыру мəселесін де шешуге жол ашады. Электрондық оқу құралдарының көмегімен білімді бақылау — компьютерлік тестілеу жүзеге асырылады.
Компьютерлік өнімдер нарығында жылдан жылға оқыту бағдарламалары, электронды оқулықтар саны өсуде. Шет тілі сабағында компьютерлік оқыту программаларын қолданып жұмыс жасау формаларына мыналар жатады: лексиканы оқыту; сөздердің айтылуын өңдеу; диалогтық жəне монологтық сөйлеуді үйрету, жазуды оқыту; грамматикалық құбылыстарды оқыту.
Қазіргі таңда электронды оқулықтарға келесі талаптар қойылады: құрылымдылығы, қатынаста қолайлылығы, мазмұндалатын материалдардың көрнекілігі. Жоғарыда айтылған талаптарды қанағаттандыру үшін гипермəтіндік технологияларды қолдану өте қолайлы болмақ.
Электронды оқулықты қолдану тəжірибесінің нəтижесі жəне тестілік бақылау көрсеткіштері бойынша студенттер оқытылатын материалдарды сапалы меңгереді.
Қазіргі заманда білімнің негізі студенттердің жеке жəне кəсіби өсуіне бағытталған рефлексивті сипаттағы ойлау жəне іс-əрекет тəсілдері болып отыр. Оларға əр түрлі интерактивті əдістер жатады, бұл əдістер студенттерді оқытушылық тəжірибе мен шығармашылық потенциалын дамытуға дағдыландырады. Олардың негізінде рефлексивті ойлауға оқыту, зерттеуге деген қызығушылығын тудыру, проблематизация жəне интенсификация сияқты стратегиялар жатыр.
Қазіргі таңда оқытушыға сабақтың теориялық жəне практикалық материалдарын таңдауда жəне сабақты өткізу əдістемесінде біраз еркіндік беріледі. Теория мен практика қатар жүргенде, яғни оқытушы теориялық материалды түсіндіргенде, бір мезгілде оны компьютерде көрсеткен өте тиімді.
Осыған байланысты оқу процесінде оқыту презентацияларын қолдану маңызды болып табылады.
Олардың мақсаты — оқыту процесін жекешелендіру, оқыту əрекетін белсендіру, студенттердің қызығушылықтарын ояту, өзіндік жұмысты атқаруға студенттерді үйрету. Педагог функциясы əр түрлі болады: ол ақпартты игеруге көмектеседі, кеңес береді, бақылайды.
Практикалық сабақтарда оқыту презентацияларын қолдану əр түрлі мақсаттарға жету жолын көздейді: білім алушыға оқу əдісінің өзіне лайықты тəсілін қолдануды, студентке өзінің əлді-əлсіз жағын анықтап, оқыту презентациясының түзету тəсілін пайдалана отырып көмектесуді, оқытудың əр түрлі формалары мен əр түрлі тəсілдерін кірістіруді, оқу материалының құрылған бірлігін икемді түрде пайдалануды, кəсіби іс-əрекет деңгейіне білім алушының жоғары дайындығы арқылы жетуді, пəнаралық байланысты орнатуды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеу арқылы жетуді жəне т.б.
Оқыту презентацияларын қолданудың басты мақсаты — оқытудың ұйымдастырылуы жəне мазмұны бойынша адам бойындағы осы сəттегі қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін əрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру. Оқыту презентацияларында оқу ақпараттарын берудің белгілі жəне сөздік нышандарына назар аударылады, презентациялық оқыту əдістемесінде суреттік жəне графиктік нышандар қоса беріледі. Осылайша өрнектеу толығады жəне олардың білім алушыларға ықпалдары артады, бірінші кезекте, естиді, екіншіден, түсінік алады, бұдан соң сурет сызылады, бекітіледі, қысқаша қайталанады. Оқу материалы жинақталады, тұжырымдалады, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жеткізеді, білім алушылардың ойлау қабілеттерін іске қосады жəне танымдық іс-əрекеттерін жаттықтырады.
Оқыту презентацияларын сызу, құрастыру, жасау белгілі бір психологиялық-педагогикалық заңдылықтары мен шартты белгілерге сүйене келе, есте сақтау, қабылдау, ойлау іс-əрекеттерін дамытып, оқу материалын жеңіл жеткізе, байланыстыра түсуге, қайта шығара білуге үйрететін негізде болады, көру арқылы қабылданып, назарымызды өзіне тартып, зейін қоя ұғынуға баулиды.
Шет тілін оқытудың мақсаты — бұл студенттердің коммуникативті əрекетін жүзеге асыру, яғни шет тілін практикалық тұрғыда игеру. Оқытушының міндеті — оқыту процесінде əр оқушының белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық (творчестволық) жұмыс жасауы үшін жағдай туғызу.
Оқытудың компьютерлік бағдарламалары, Интернет-технологиялар, бейне- жəне аудиоматериалдары сияқты заманға сай құралдарды қолдану мұндай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Осылайша, «шет тілі» пəнінің ерекшелігі, оны оқытудың мақсаты тек ғана пəн туралы білім беру, яғни тіл туралы (тілдік компетенция) білім беру ғана емес, іс-əрекеттің тəсілі жайында алған білім негізінде тілдік сөйлеу əрекетінің төрт түріндегі (оқу, жазу, тыңдап түсіну жəне сөйлеу) белгілі бір дағдыларды жəне біліктіліктерді қалыптастыру. Сөйлеу əрекетінің кез келген түріне үйретуге тек осы əрекетті орындау барысында ғана қол жеткізуге болады.
Осыдан түйетініміз, шет тілін оқыту кезінде студенттердің өзіндік іс-əрекетін оны оқытып жатқан тілдік əрекет түрінде ғана ұйымдастыруға болады. Мысалы: тыңдап түсіну дағдысына үйрету кезінде əрбір студент шет тілде жазылған, сол елдің адамдарының сөйлегенін естуге мүмкіндік алуы тиіс. Бұл жерде үлкен мүмкіндіктерді Интернет желісі ұсына алады[5].
Интернетті білім беруде қолдану төмендегі байланыс құралдары арқылы жүзеге асады.

  • сайттар;

  • видеоконференциялар;

  • қашықтықтан оқыту;

  • оқу-телекоммуникациялық жобалар.

Телекоммуникациялық құралдарға келесілерді жатқызамыз: электронды пошта;

  • Chat — бір арнайы уақыт бойынша сөйлесу;

  • Web-сервис; Web- конференция;

  • мобильдік Интернет;

  • Интернет-дүкен.

Дидактикалық көзқарас тұрғысынан оқытудың дəстүрлі құралдары алдында Интернеттің ерекшелігі түпнұсқа жəне өзекті материалдарды қамтамасыз ете алуында, сонымен бірге мəдениаралық коммуникацияны қамтамасыз етуінде. Біздің университетте студенттерді оқыту кезінде шет тілі сабақтарында Интернетті пəн бойынша жаңа ақпарат, түпнұсқа материалдардың қайнар көзі ретінде қолданамыз. Студенттер рефераттар, курстық жəне дипломдық жұмыстарды, семинарлық жəне практикалық сабақтарға дайындалу кезінде Интернет-ресурстары көмегімен қосымша ақпаратты іздеуді жүзеге асырады. Ағылшын тілі сабағында біз үшін ағылшын тілдік газеттермен жұмыс жасаудың өзекті мүмкіндігі пайда болды. Мəдениаралық компетенцияны меңгеру жоспарында онлайндық газеттер — таптырмайтын көмекші. Ол студенттерді дəл осы сəтте болып жатқан əлемдік жаңалықтардың ортасына түсіреді. ВВС, World Service (http://www.bbc.co.uk/worldservice); CNN World News (http://cnn com/world) жəне тағы басқа ақпаратық агенттіктер ағылшын тілінде берілген жаңалықтарды тек оқуға ғана емес, көп тілде берілетін жаңалықтарды тыңдауға да мүмкіндік береді, тіпті ағылшын тілін меңгерудің өзіңе қолайлы деңгейін таңдап, жаңалықтарды Learning English режимінде тыңдауына болады.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде несиелік оқыту жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқу үрдісінде кеңінен қолданылады[32].
Олардың білім берудегі негізгі бағыттары төмендегідей:

  • универсалдық ақпарат технологиялары;

  • телекоммуникациялық компьютерлік құралдар;

  • компьютерлік бағдарламалық құралдар;

  • мультимедиалық бағдарламалық жабдықтар.

Осылайша, жаңа ақпараттық технологияларды жəне Интернет жүйесі ресурстарын қолданып, сондай-ақ оларды оқу үрдісіне кіріктіре отырып, ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық міндеттердің бірқатарын тиімді шешуге болады, яғни:

  • студенттердің бірі немесе оқытушы ұсынатын проблемалық талқылау негізінде монологтық жəне диалогтық сөйлеу біліктілігін жетілдіру;

  • Интернет желісіндегі түпнұсқалық аудиомəтіндер негізінде студенттердің тыңдап түсіну дағдыларын қалыптастыру жəне жетілдіру;

  • түпнұсқа материалдарды жүйелі түрде қолдану негізінде студенттердің шет тілінде сөйлеу əрекеттерінің тұрақты мотивациясын қалыптастыру; тек ғана оқулықтардағы мəтіндерге байланысты мəселелерді талқылап қоймай, басқа да кез келген адамды қызықтыратын өзекті мəселелерді талдау;

  • тілі оқытылып жатқан елдің дəстүрлі, мəдени ерекшеліктерін, қарым-қатынас шарттарында əр түрлі халықтардың тілдік мінез-құлық ерекшеліктерін, тілдік этикеттен тұратын мəдени-танымдық білімімен таныстыру[31; 271]

Жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс кезінде педагогтың да ролі ауысады, оның негізгі міндеті — жеке тұлғаның дамуын қолдау, оның шығармашылық ізденісін бағыттау жəне қолдау.
Студенттермен қарым-қатынас əріптестік жəне бірегей шығармашылық принцип негізінде құрылады.
Мұндай жағдайларда бүгінгі таңда қалыптасқан оқыту жұмысының ұйымдастыру формаларын қайта қарастыру өте қажет: студенттердің өзіндік жеке жəне топтық жұмыстарын көбейту, оқытудың түсіндірмелі-иллюстративті əдісін қолдана отырып, дəстүрлі сабақтан оқытудың жаңа интерактивті формаларына көшу, іздену жəне зерттеу сипаттарына ие практикалық жəне шығармашылық жұмыстардың түрлерін көбейту қажет.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы тапсырмаларды орындау студенттерге телекоммуникациялық қарым-қатынас арқылы шынайы тілдік ортаға енуге мүмкіндік береді, электронды, дидактикалық жəне анықтамалық материалдарға, өзекті түпнұсқа ақпараттарға қол жеткізу жолын ашады.
Интернет жүйесінде жұмыс істеу студенттерімізге əлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны анық. Интернетті пайдалану арқылы студенттер өздеріне керекті мəліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.
Заман ағымына қарай күнделікгі сабаққа бейне-, аудиоқондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нəтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дəстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады.
Бұл нұсқаның жетістігі - оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың ғылыми-педагогикалық, əдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. Қоғамдағы ақпараттану үрдісі болашақ мамандардан ұдайы ізденуді, ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияларды кəсіби саласында қолдана білуге машықтануды, қажет ақпаратты ақпарат көздерінен таба білу мен өңдеуді, шығармашылықпен ойлауды жəне шешім қабылдауды талап етеді.
Осылайша, жоғарыда айтылған ой-пікірлерді қорытындылай келе, біз мынадай тұжырымға келдік, яғни шет тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқыту тиімділігін арттыруға көмектеседі, сонымен бірге студенттердің шығармашылық потенциалын жетілдіруде маңызы зор құрал болып табылады. Оқу үрдісінде компьютерді қолдану негізінде университет пəндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет