Зерттеу жұмысының тақырыбы


Жүктілік кезеңінде қорқор тарту



бет11/15
Дата01.06.2020
өлшемі48,73 Kb.
#72021
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
НаучнаяРабота
000baa0c-5f512aeb, 000baa0c-5f512aeb, physical exercises dialysis, physical exercises dialysis, physical exercises dialysis, 1553701844, 1553701844
Жүктілік кезеңінде қорқор тарту

Қорқор тарту және жүктілік – миға сыйымсыз қарама-қарсы екі түсінік, бірақ көптеген болашақ аналар қорқор өзіне және құрсағындағы нәрестесінне зиянсыз деп санап, жүктілік кезінде де қорқор пайдаланады. Олар өте қатты қателеседі!!! Жоғарыда қорқордың ағзаға тигізетін зияны темекімен қатар екендігін айтқан болатынбыз. Жүктілік - әйел өз ағзасын титімдей болсада кез келген қатерден сақтауы қажет ерекше кезең. Қорқор- жүкті әйел үшін болуы мүмкін қатерлердің арасындағы ең қауіптілердің қатарында.

Жүкті әйел қорқор түтінін ішіне қара бірінші рет сорған уақытта-ақ оның құрсағындағы нәресте де «тұншықтырғыш» ғазды жұтуға мәжбүр болады, егер оның осы мөлшері ересек адамды уландыруға қабілетті болса, туылмаған бала денсаулығына қалай әсер ететіндігін көз алдымызға елестетудің өзі қорқынышты. Егер болашақ ана мұндай жағымсыз әдетінен арылмаса, ұрықта дамудың туа біткен ақаулары, әртүрлі мүшелерінің қызметінің ауытқуы, дене құрылысында аномалиялардың қалыптасу деңгейі өте жоғары. Жүктілік кезінде қорқор пайдаланушы Ана, қорғансыз нәрестені «тұншықтырғыш» газ, гикотин және тағы басқа ондаған зиянды заттармен улап, саналы түрде өлімге итермелейді. Қорқордың құрамында никотиннен басқа, адамның геніне кері әсер ететін бензопирен деген улы зат бар. Бензопирен – адам ағзасында қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал етеді.

Сондай-ақ, бензопирен ДНК-ның мутациялық бұзылуына себепкер болады және қан арқылы іштегі балаға өткен бензопирен деген бәле тұқым қуалайтын ауруларды тудырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет