Қорқор туралы шариғаттың үкімі қандай?
Ислам барша адамзаттың екі дүниедегі бақытын көздейтін дін. Олай болса ислам шариғаты адам баласын қандай да бір зиян тигізетін жағдайға жол бермейді. Себебі Аллаһ тағала қасиетті Құран Кәрімде : “Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге түсірмеңдер”,- деп қатаң ескерткен болатын.
Осы орайда, біз орталық Ақмешіт-Сырдария мешітінің наиб имамы Мұхтар Гаджиевтің пікірін сұраған болатынбыз: “Кальян, яғни қорқорды пайдалану харам. Оның да дәл темекі сияқты үкімі жүреді. Темекі шегу шариғат заңына сәйкес мәкруһ болып есептеледі, сол аятқа сүйенгенде қорқордың темекіден еш айырмашылығы жоқ”,-дейді.
Шариғат талаптарының қойған бес мақсаты – дінді, адам жанын, ақылын, тегін және мал-дүниесін сақтауды көздейді. Осы аталмыш бес мақсатты тарқатып айтар болсақ, біріншіден, қорқорды шегу – жоғарыдағы Құран үкімі мен соған негізделіп берілген білікті ғалымдардың пәтуәсына байланысты шариғатқа қайшы амалдардың қатарына жатады.
Пайдаланылған әдебиеттермен интернет сайттары:
1. Baq.kz сайты
2. Википедия— Свободная энциклопедия
3. polza-i-vred-produktov/vred-ot-kureniya- kalyana.
Достарыңызбен бөлісу: |