Қияр – ең ежелгі көкөністі өсімдіктердің бірі, ол үш мың жыл бойы танымал. Ол – кәді, самсар сияқты асқабақ тұқымдас бір жаздық дақыл. Орта ғасырда гректерден славян халықтары «қияр» деген атты алғаны белгілі. Гректердің «аугурос», «огурец» аорос піспеген, пісіп жетілмеген деген мағына береді. Жаңа жыл санауымызға дейінгі бес мың жыл бұрын осы аймақтарда өсіре бастағаны белгілі. Осы аймақтардан Жерорта теңіз елдеріне, Батысқа да, Шығысқа да тарала бастаған. Ертедегі Египетте, Гректерде, Римдіктерде қияр өсіруді әдеттегідей қарапайым жұмыс деп есептеген. Олар қиярды дәмді тағам деп санаған. Энциклопедиялық еңбектердің мәліметіне қарағанда, қияр 6000 жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. Оның отаны – Үндістанның тропикалық және субтропикалық аудандары. Гималайдың етегінде әлі күнге дейін қиярдың ең көне, жабайы түрлері өседі екен. Қияр дәстүрлі діндердің қалыптасуына өзек болған кітаптардың бірі – Інжілде Мысырда өсірілетін көкөніс ретінде аталады. Ежелгі римдіктер мен гректер де қияр өсіріп, жей білген. 1528 жылы неміс елшісі Герберштейн өзінің қолжазбасында Мәскеу мемлекетіне жасаған саяхаты кезінде қияр жегенін жазыпты. Қиярдың Ресейде өсіріле бастағаны шамамен осы кез болса керек. Қазақстанда қияр өсіру ХІХ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап кең тараған. Үндістан
Достарыңызбен бөлісу: |