2. 2 Қияр көкөнісіне сипаттама
Қияр - (лат. Cucumis sativus ) асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, түкті, мұртшалары арқылы шырмалып өседі, ұзындығы 1-2 метрге дейін барады. Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі — қияр. Жемісі – жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әр түрлі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |