Геоэкологиялық аудандастыру
Геоэкологиялық аудандастыру. Геоэкологиялық аудандастыру дегеніміз - адам әрекеті әсерінен өзгеріске ұшырау дәрежесін бағалау нәтижесінде адам тіршілігі тұрғысынан алғанда қолайсыз деп саналатын қазіргі табиғи-антропогендік ландшафтылардын немесе геожүйелердің кешенді аудандастырылуы.
Қазақстанның табиғи ортасындағы экологиялық деңгейлері:
1)Апатты деңгей –көптеген табиғат компоненттерінің түбегейлі, қайтымсыз өзгерістері тән аумақтар(81-100%). Кіретін аймақтары: Арал, Каспий, Алтай өндіріс орталықтары, Семей полигоны
2)Қауіпті деңгей - көптеген табиғат компоненттерінің қайттан қалпына келетіндей өзгерістері тән аумақтар(61-80%). Балқаш, Жамбыл, Жезқазған, Қызылорда, Теміртау, Шымкент өндірістері, Алматы, Қарағанды қалалары, Соколов, Сарыбай, Павлодар, Екібастұз, Жетібай- Өзен, Теңіз, Байқоңыр полигоны, Возрождение полигоны, Ертіс, Сырдария, Нұра, Арыс өзендері, Балқаш көлі.
3)Шиеленіскен деңгей – жекелеген табиғат компоненттері қайттан қалпына келтіретіндей қолайсыз өзгерістерге ұшыраған(41-60%). Ембі, Ақтөбе мұнай, Қарашығанақ газ, Ақшатау, Атасу, Қаражал, Жаңатас, Қаратау, Қашар, Саяқ, Текелі, Жітіқара өндіріс, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Семей қалалары, Қапшағай, Шардара су бөгендері, Іле, Шу өзендері.
4)Қанағаттанарлық деңгей – табиғат компоненттерінің тез арада қалпына келтіруге болатын өзгерістері(21-40%). Нұрсұлтан, Көкшетау, Талдықорған, Петропавл, Орал қалалары өндірістік кешендері, Есіл, Талас, Тобыл, Сарысу, Жайық өзендерінің кешендері.
5) Қолайлы деңгей – қолайсыз экологиялық өзгерістер байқалмайтын аумақтар(0-20%). Қазақстанның адам аз қоныстанған аймақтары: шөлейттер, шөлдер, таулы аймақтар.
Қазақстан аумағы экологиялық шиеленіс денгейі бойынша қазақстан-дық геоэколог А.В.Чигаркиннің ұсынуымен экологиялық тұрғыда 5 деңгей мен 47 провинцияға бөлінеді.
Геоэколокиядағы антропогендік факторлар
Табиғи ортаны сипаттайтын көрсеткіштер: тұрақтылық. икемділік, инерция, сыйымдылық және ортаның өзгеру шектері.
Табиғатқа антропогендік фактор әсері: ормандардың жойылуы, топырақ эрозиясы, антропогендік шөлейттену, антропогендік ластану, жылыжай эффектісінің пайда болуы, айналымдардың бұзылуы, өзін өзі қалпына келтіру қабілетінің төмендеуі.
Ормандардың жойылуы. Ормандардың аумағы – 4 млрд га, яғни құрлықтың 26,8%(31%) ормандар алып жатыр. Ағаш сүрегінің қоры 330 млрд м3. ФАО дерегі бойынша жылына 6млн га орман жойылады. Ормандардың жойылуы: биоалуантүрлілік азаюына, ерекше орман ландшафтыларының жойылуына алып келеді.
Топырақтың антропогендік бұзылуы және шөлейттену. Жер ресурстарын пайдаланудағы басты мәселе - топырақтың антропогендік бұзылуы(деградациясы). Ол топырақ құнарлылығы төмендеуі, су және жел эрозиясы, ластану, су басу, батпақтану, тұздану, жайылымдар өнімділігінің төмендеуінен болады. Адамзат 2 млрд гектар жер қорынан осы факторлар салдарынан айырылған. Жылына 6-7 млн га жер айналымнан шығады.
Антропогендік шөлейттену көлемі қазіргі кезде 10 млн км2,, бұл әлемдік жер қорының 8%-ға жуығы.
Жылыжай эффектісінің пайда болуы. Атмосферада жылыжай газдарының(көміртек қос тотығы, метан, фреон, азот тотықтары) мөлшері көп болған сайын ауа температурасы артады. Жылыжай газдары иғаламшар үстінде шатыр түзіп, жер бетінен көтерілген жылуды кері қайтарады. Жылыжай эффектісінің кері әсерлері: мұздардың жаппай еруі, мұхит деңгейінің көтерілуі, жауын шашын мөлшерінің артуы, желдер, мұхит ағыстары бағыттарының өзгеруі, климаттың жылынуы.
Достарыңызбен бөлісу: |