Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Дүниежүзі елдеріндегі ақпараттық технологиялардың даму көрсеткіштері



бет56/63
Дата22.09.2023
өлшемі1,33 Mb.
#182055
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Байланысты:
10 сыынп лекция 52 бет

Дүниежүзі елдеріндегі ақпараттық технологиялардың даму көрсеткіштері
Ақпараттық қоғам ұғымы. Қазіргі кезеңде бүкіл әлем ғаламдык акпарат кеністігіне айналған. Ал адамзаттың қазіргі даму кезеңін көптеген зерттеушілер ақпараттық қоғам деп атайды. Ғаламдық-ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда әлемдік-компьютерлік телекоммуникациялық жүйе болып табылатын Интернеттін рөлі артып отыр.
Ақпараттық индустрия қазіргі дүниедегі жаңа шаруашылық саласы болып табылады. Ақпарат экономика саласындағы дәстүрлі ресурстармен (еңбек, материалдық және қаржылық) қатар, жаңа ресурс түріне ақпараттың ресурс ретінде өзіндік айырмашылықтары мен артықшылықтары бар:
- ақпарат - сарқылмайтын ресурс, уақыт өткен сайын оның көлемі артып отырады;
- ақпарат азайып немесе таусылып қалмайды;
- ақпаратты бір мезгілде көптеген тұтынушы пайдалана алады;
- ақпаратты жасау оны көшіріп немесе таратуға карағанда анағұрлым қымбат болады. Сол себепті дайын акпаратты заңды жол мен емес, аз шығын жұмсап, заңсыз түрде колданғысы келетіндер саны да күрт артады;
-ақпаратқа ұдайы сұраныс болады, ол басқа ресурстар тәрізді құлдырауға ұшырамайды;
- ақпарат ресурс болғанымен, технология немесе құрал-жабдық тәрізді ескіруге ұшырайды, бұл бірнеше сағат немесе тәулік ішінде жаңа ақпараттың пайда болуына байланысты болады.
Дүниежүзі елдерін ақпараттық технология-лардың даму көрсеткіштері бойынша салыстыру. Дүниежүзі елдері бойынша ақпараттық технологиялардың даму көрсеткіштері үлкен айырмашылық жасайды.
Дүниежүзі елдері мен аймақтарындағы ақпараттық технологиялардың даму деңгейін тұрақты телефондар санының азаюы, мобильді телефондар санының
көбеюі, кеңжолақты Интернет пайдаланушылар саны мен олардың жалпы Халықтағы үлесіне қатысты анықтайды.
Қазақстанда Интернет пайдаланушылар саны жыл сайын артып келеді, 2018 жылдың қорытындысы бойынша елімізде олардың сан 14 млн адамға жуықтады. Елдер бойынша Интернет пайдаланушылар Үлесі жөнінен Норвегия 1-орын алады, мұнда халықтын 96.8%-ы Интернетті пайдаланады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму индексі
2007 жылдан бері 11 көрсеткіш негізінде есептеліп келеді. Аталған индекс
елдердің әлеуметтік және экономикалық дамуын, технологиялар деңгейін және ел азаматтарының әл-ауқатын көрсететін кешенді шама. Ол БҰҰ жанындағы ақпараттық технологияларды дамытужөніндегі арнайы Халықаралық электр байланысы одағының әдістемесі бойынша саналады. 2017 жылы бұл рейтингте Исландия, КореяРеспубликасы және Швейцария көш бастады. Қазақстан бұл тізімде52-орынды иеленді . Индекс елдердің осы бағыттағы даму көрсеткіштерін жинақтап, салыстыруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет