Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Елдердің АДИ көрсеткіштерін салыстыру



бет58/63
Дата22.09.2023
өлшемі1,33 Mb.
#182055
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
10 сыынп лекция 52 бет

Елдердің АДИ көрсеткіштерін салыстыру. Адам дамуынын индексі негізінен дамыған, дамушы және нашар дамыған елдер арасындағы айырма-шылықтарды анықтау үшін, сонымен қатар экономикалық саясаттың өмір сапасына әсерін бағалау үшін қолданылады.
АДИ көрсеткіші бойынша елдер төрт үлкен топқа жіктеледі:адам дамуының өте жоғары, жоғары, орташа және төмен деңгейі. 2017 жылы жарияланған БҰҰ ДБ Адам дамуы жөніндегі баяндамасында елдердің 2015 жылы деректері негізінде құрастырылған рейтингі берілген. Рейтинг БҰҰ-ға мүше 186 елді, сондай-ақ Сянган (Гонконг) мен Палестина аумактарын қамтыған. Жалпы алғанда, орташа әлемдік АДИ көрсеткіші 0,694 болған. БҰҰ-на мүше 7 ел деректер жетпегендіктен, бұл рейтингке енгізілмеген.
Әртүрлі елдердегі АДИ көрсеткіштерін талдау экономикалық ерлеу мен адам дамуы арасында айқын байланыстың жоқ екендігін көрсетеді. Жан басына шаққандағы табыс деңгейі бірдей екі елді АДИ көрсеткіші сәйкес келмеуі мүмкін. Керісінше, АДИ көрсеткіші бірдей елдерде табыс деңгейлері айырмашылық жасайды.
Егер АДИ бойынша елдің рейтингісі ЖІӨ рейтингісімен салыстырғанда жоғары болса, бұл ел экономикалық өрлеуді адамдардың мүмкіншіліктерін дамыту үшін толығымен пайдалана алды деуге болады.
АДИ рейтингісінде көшбасшылар болып тұрған елдер (Норвегия, Аустралия, Швейцария) жан басына шаққандағы табыс деңгейі бойынша алғашқы үштікке енбейді.Керісінше, егер АДИ өсу қарқыны жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімінен төмен болса,бұл елдегі экономикалық гүлдену халықтың өмір сапасының артуына алып келмеді депесептеледі. Мысалы, жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшері жөнінен соңғы жылдарыбірінші орын алатын Катар АДИ рейтингісінде тек 33 орын алады.
БҰҰ ДБ 2017 жылы жариялаған АДІІ рейтингісінде Қазақстан 0,800 көрсеткішімен 52-орынды иеленді.
Көпшамалы кедейшілік нндексі (ККІІ) факторларды шаруашылықтар деңгейінде қарастырады, бұл табысты өлшіумен салыстырғанда кедейшілікті неғұрлым толық бейнелеу алады. Бұл факторлар қатарына ересек тұрғындардың сауаттылығын, балалардың мектепте білім алуға қамтылуын, сәбилер өлімінің денгейін жатқызуға болады, сондай-ақ таза суға, электр желісіне, канализацияға, негізгі тауарлар мен тұрғын үй құрылысына қолжетімділікті де атауға болады.
KKII бойынша баға берілген 104 елде 1,56 млрд адам немесе тұрғын халықтың 30%-дан астамы көпшамалы кедейшілікке душар болғаны анықталды. ККИ бойынша кедей адамдардың үлесі ең жоғары елдердін барлығы да Африкада орналасқан: Эфпопия (87%). Либерия (8496). Мозамбик (79%) және Сьерра Леоне (77%). Абсолютті керсеткіштер бойынша ең көп кедейлер Оңтүстік Азияда тұрады, оның ішінде тек Үндістанда ғана олардың 612 млн-нан астамы тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет