Бейбітшілікті сақтау мәселелері
Жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмау мәселесі.
Осы кезге дейін әлемде 14 мыңдай соғыс болып, соның нәтижесінде 3 млрд-тан астам адам опат болған.
Дүниежүзі бойынша XVII ғасырда шамамен 3,3 млн адам, XVIII ғасырда 5,4 млн адам, XIX ғасырда 5,7 млн адам соғыс құрбаны болса, ХХ ғасырдағы Бірінші дүниежүзілік соғыс 20 млн адамның, ал Екінші дүнпежүзілік соғыс 50 млн адамның өмірін алды. Бұдан басқа XX ғасырда аймақтық жанжалдар, жеке елдердегі азамат соғыстары, ұлт араздығы да орасан мол адам шығынына (100 млн адам) алып келді.
Ғалымдар ядролық қаруды пайдалану Жер шарындағы климаттық жағдайдың түбегейлі өзгерісіне (ядролық қыс) әкелетінін анықтап отыр.
1986 жылғы Чернобыль атом электр стансысындағы жарылысядролық апат зардаптарының бір елдін деңгейінде қалып қоймайтындығын тағы да бір рет дәлелдеді.
Жаппай қарулану және әскери шығындар.
Дамушы елдерде әскери шығын мөлшері жоғары, бұл олардың әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығын жоюға кедергі келтіруде.
Елдің әскери қуатын арттыруға бағытталған милитаризм (лат.militaris - әскери) экономика, саяси және идеологияның басын қосатын біртұтас жүйе болып табылады.
Халықаралық лаңкестікпен күрес шаралары. Әлем қауымдастығы халықаралық лаңкестік төндіретін қауіп-қатерді айқын сезінуде. Осы себепті 1970 жылдан бастап әлемдік деңгейде халықаралық ланкестік әрекеттерінің заңсыздығы жөніндегі бірқатар келісімшарттар қабылданған. Олардың арасында 1970 жылы Гаагада қабылданған «Әуе кемелерін заңсыз басып алумен күрес туралы келісімшарт»: «Кепілгерлерді ұстаумен күрес туралы келісімшарт (Нью-Йорк, 1979 ж.); «Лаңкестікті қаржыландырумен күрес жөніндегі келісімшарт» (1999 ж.) бар.
Мемлекеттердің лаңкестік әрекеттерге қарсы қызметін үйлестірумен халықаралық және аймақтық ұйымдар айналысады. Мысалы, 2001 жылы 11 қыркүйектегі оқиғалардан соң БҰҰ Қауіпсізік Кенесі Лаңкестікке қарсы комитет құрды, ол мемлекет аралық үйлестіруді жүзеге асырып, мүше елдерге лаңкестікнен күресте техникалық көмек көрсетеді. 2006 жылы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар және оған қосымша әрекет ету жоспары түріндегі Ғаламдық ланкестікке қарсы стратегияны қабылдады. Қазіргі кезде ланкестік ғаламдық құбылыс болып табылады, ал оған қарсы күреске мемлекеттер мен тұтас аймақтар бірігуде.
Достарыңызбен бөлісу: |